
Савченко Андрей Анатольевич
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1964 жылы 29 маусымда Тараз қаласында дүниеге келген. 1981 жылы №1 орта мектепті бітіріп, 1981-1986жж. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында оқыды. Одан кейін Уссурийск (РСФСР) қаласындағы ПМК-да инженер-механик болып жұмыс істеді.1987-1989 жылдары Тараз қаласындағы металл конструкциялар зауытында инженер-конструктор, цех шебері қызметтерін атқарды. 1989 жылдан 1992 жылға дейін Жамбыл қалалық комсомол комитетінің нұсқаушысы, кейін тексеру комиссиясының төрағасы. 1992 жылдан Грегори және Георам-Интер компаниялары президентінің көмекшісі, коммерциялық компанияның директоры.
1996-2006 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің басшысы.2006 жылы М.ДулатиатындағыТараз Мемлекеттік Университетіндене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша сырттай бітірді. 2006 жылдан 2009 жылға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы. 2009 жылдан 2011 жылға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің аппарат басшысының орынбасары. 2011 жылдан бастап«Тараз» футбол клубының президенті және 2012 жылдан бері «ТАРАЗ» волейбол клубыКММ басшысы.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне 10 жыл» (2009 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Ерен еңбегі үшін» (2016 ж.) медальдарымен марапатталған. Кәмелет жасқа толған ұлы мен қызы бар.





