Қойбаков Серік Мамыртайұлы

    Депутат Жамбылского областного маслихата

    Қойбаков Серік Мамыртайұлы
    Депутат маслихата

    Қойбаков Серік Мамыртайұлы

    Депутат Жамбылского областного маслихата

    Өмірбаян

    Қойбақов Серік Мамыртайұлы 1956 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Ленинск ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл ту орденді ауылшаруашылық институтын орман шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген.

    Сонымен қатар, ел игілігі үшін атқарған адал еңбегіне лайықты бағаланып, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған;

    2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған;

    2016 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған;

    2017 жылы ведомстволық «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған;

    2018 жылы «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған;

    2021 жылы Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық «Еңбек сіңірген орман өсіруші» құрметті атағымен марапатталған.

    Еңбек жолын 1975 жылы Шу ауданында жұмысшыдан бастаған. 1979 жылы оқу бітіріп, 1984 жылға дейін Жамбыл облысы Луговой ауданы, Луговой орман мелиоративтік бекетінде орманшы, 1984-1985 жылдары Жамбыл облысының орман шаруашылығы басқармасының Луговой ауданы Мақпал орманшылығының орманшысы, 1985-1986 жылдары аға орманшы, 1986-1988 жылдары Луговой ауданы, Луговой орман мелиоративтік бекетінде директор, 1988-1993 жылдары Луговой орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорынында аға орманшы, 1993-1995 жылдары Ақыртөбе орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорынында аға орманшы, 1998-2000 жылдары Жамбыл ауданы, Жамбыл орман және аң шаруашылығы мекемесі директорының орынбасары, 2000-2006 жылдары, Жамбыл ауданы «Тараз Орманы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директордың орынбасары, 2006-2009 жылдары Жамбыл облысы әкімиятының Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры, 2009-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, 2015-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, 2018-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметтерін атқарған. Зейнетте. 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін, Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман патологы

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері