Мағзымбеков Ерұлан Сәбенұлы

    Әлеуметтік сала мәселелері, жастар дел, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

    Мағзымбеков Ерұлан Сәбенұлы
    Депутат маслихата

    Мағзымбеков Ерұлан Сәбенұлы

    Әлеуметтік сала мәселелері, жастар дел, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

    Өмірбаян

    Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы.

    1975 жылы 26 тамызда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бурное селосында дүниеге келді.

    1996 ж. Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті Қаратау филиалының жоғарыда аталған факультетін «экономист» мамандығы бойынша үздік дипломға аяқтадым.

    2004, 2010 ж.ж. аймақтағы өңірлік жоғары оқу орындарының «Педагогика және психология», Құқықтану факультетінде сырттай оқу бөлімі бойынша оқыдым.

    Алғашқы еңбек жолымды 1996 жылы Жамбыл университеті Қаратау инженерлік-техникалық мамандықтар кешенінің «Салалық экономика» кафедрасында оқытушы ретінде бастады.

    1997-1999 ж.ж. М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің Қаратау инженерлік-техникалық мамандықтар факультеті «Бухгалтерлік есеп және экономика» кафедрасында оқытушылық қызметімді жалғастырды.

    1999-2003 ж.ж. әкімшілік мемлекеттік қызметте болдым. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің экономика басқармасының бас маманы, Жуалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлар және бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы, Жуалы ауданы әкімінің білім басқармасының бас маманы, басқарма басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

    2003 жылдың қараша айынан Жамбыл облысының кәсіподақ органдарында жұмыс атқаруда.

    2003-2008 ж.ж. Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының маманы; 2009-2014 облыстық ұйым аппаратының жетекшісі;

    2003-2014 ж.ж. Жамбыл облысы кәсіподақтары Кеңесінің ұйымдастыру-көпшілік жұмыстары жөніндегі бас маманы қызметін қоғамдық бастамада біріктіріп атқарды.

    2014 ж. қазіргі уақытқа дейін кәсіподақтың сайланбалы лауазымында:

    2014-2018 ұйым төрағасының орынбасары; 2018 жылдан Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы.

    Қазақстан Республикасының кәсіподақтары Федерациясының Бас Кеңесінің, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Салалық Кеңесінің мүшесі.

    Салалық кәсіподақтың 2010 жылы – ХІІ, 2014 жылы – ХІІІ, 2019 жылы – ХІV Cъездерінің, Қазақстан кәсіподақтары Федерациясының 2008 жылы – «Кәсіподақ және жастар: болашақ – бүгіннен басталады» жас жұмыскерлер Форумының, 2018 жылы – ХХV, 02.09.2020 ХХVІ съезінің делегаты болды.

    Әлеуметтік әріптестік жөніндегі Жамбыл облыстық үшжақты комиссия, облыстық екі жақты салалық комиссия мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері