
Өмірбаян
Сағынтаев Ғалымжан Таймасұлы 1972 жылғы 27 тамызда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары, 1994 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «Агроөнеркәсіп кешен салаларындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша, 2010 жылы – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек қызметін 1994 жылы «Яссы» ШК-да қаржыгер ретінде бастады, «Жамбылалаугаз» АҚ-да коммерция және маркетинг бөлімінің жетекші маманы, құрылысы салынып жатқан кәсіпорынның инженері, «Қазфосфат» ЖШС-да (НДФЗ) жабдық бөлімінің менеджері, коммерция және маркетинг бөлімі бастығының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді. «ҚазТрансГаз-Дистрюбьюшн» АҚ «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның өнеркәсіп жөніндегі менеджері, маркетинг бөлімінің бастығы, «Тараз – ақпараттық орталығы» ЖШС-ның маркетинг және даму жөніндегі директор орынбасары лауазымдарын атқарды, «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы директорының маркетинг және сату жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2008 жылғы ақпан айында «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Южный» МГБ Тараз ЖӨБ бастығы лауазымына тағайындалды. 2011 жылғы қаңтар айынан бастап – «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистральды газқұбырлары басқармасының директоры. 2015 жылғы 7 сәуірден бастап «Азиялық Газқұбыры» ЖШС Бас директорының орынбасары-ЖБТ басшысының орынбасары болды, 2015 жылғы 19 қазаннан бастап Бас директордың бірінші орынбасары-ЖБТ басшысы лауазымына ауыстырылды.
«Нұр Отан» ХДП облыстық саяси бюросының мүшесі болып табылады. 2021 жылғы қаңтар айында Жамбыл облыстық маслихатының депутаты болып қайтадан сайланды.





