
Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызы
Жамбыл облысының мәслихат депутаты
Өмірбаян
Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызы 1968 жылы 31 қазанда Жамбыл облысы Қордай ауданының Георгиевка ауылында туылды. 1985 жылы О.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебін бітіріп, аталған жылы Жамбыл педагогикалық институтының математика факультетіне оқуға түсіп, 1991 жылы математика пәнінің мұғалімі болып бітірді.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «10 жыл Астана» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Ы.Алтынсарин төсбелгісімен, «Облысқа еңбек сіңіргені үшін» белгісімен, Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен,Республикалық Білім және ғылым қызметкелерінің кәсіподағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен наградталған.
Отбасылы, екі ұл тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 1988 жылы Меркі ауданы №28 орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастады.
1990-1999 жылдары №17 И.И. Трубицын атындағы орта мектеп- гимназиясында математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. 1999-2002 жылдары аталған мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2002-2010 жылдары Меркі ауданы №48 орта мектепте директор болып қызмет атқарып, 2010-2022 жылдары №17 И.И. Трубицын атындағы жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының директоры болып қызмет атқарды.
2022 жылдың тамыз айынан бастап №39 Т.Қожакеев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының директоры болып қызмет атқаруда.





