
Өмірбаян
Кәсіпкер
1966 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылында дүниеге келген.
Танкебаев Жұмахан Мұқашұлы "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерейтойлық медалімен," Жамбыл облысының еңбегі үшін" төсбелгісімен," Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медалімен,"Д.А. Қонаев 110 жыл"мерейтойлық медалімен марапатталған.
Талас ауданының Құрметті азаматы.
2008-2012 жылдары Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде "есеп және аудит"мамандығы бойынша оқыды.
1988 жылы Қаратау қаласының қызметкерлерін жабдықтау бөлімінде экспедитор, 1995 жылдан 2008 жылға дейін "Бурыл" сауықтыру кешенінің директоры, 2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін "Шоқайнар"демалыс орталығының басшысы болып жұмыс істеді.
2016-2021 жылдары Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, 2020-2022 жылдары "Birgemiz – Jambyl oblysy" қоғамдық қорының төрағасы, Жетінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты болды.





