
Саурыков Ерболат Байұзақұлы
Кәсіпкерлікті қолдау, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы
Өмірбаян
филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА «Құрметті мүшесі», Жамбыл облыстық маслихатының депутаты.
Е.Б. Саурықов 1971 жылдың 12 қыркүйегінде Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурмановка ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1978-1988 жылдары Құмөзек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте білім алған.
Е.Б.Саурықов - ғылыми ізденіс жасап жүрген түркітану, тіл тарихы, салыстырмалы грамматика, жоғарғы мектеп педагогикасы салалары бойынша 100-ден астам ғылыми мақалалар мен еңбектердің авторы. Сонымен қатар, мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының Қазақстанның оңтүстік өңірінде орындалуына жетекшілік жасап жүрген зерттеуші ғалым. Е.Саурықов мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында туған жері – Мойынқұм ауданындағы «Құралай сұлу» тарихи ескерткішіне құрылыс жұмыстарын жүргізіп, қайта қалпына келтірді. Бүгінгі таңда Е.Саурықов өскелең ұрпаққа бәсекеге қабілетті білім беру мен тәрбиелеу және өңірдің әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайының жақсаруына қосқан үлесі үшін мынадай мемлекеттік марапаттар мен Құрметті атақтарды иеленген: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хаты, 2005ж;
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаевтың алғыс хаты, 2007ж; Ресей Федерациясы Ғылым Академиясының «Жоғары оқу орындарындағы жаңашыл жұмыстары үшін» төсбелгісі және «Еңбегі және білімі» ордені, 2013ж; ҚР «Қазақстан даңқы» ордені, «Еңбек жолындағы тиімділігі үшін» төсбелгісі, 2013ж;
«Сапа үшін еуропалық гран-при» Женева, 2014ж;
«Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы», 2014 ж;
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, 2015ж;
«Ерен еңбегі үшін» медалі, 2015ж;
«Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, 2016ж;
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі, 2016ж;
Тараз қаласының «Жыл адамы», 2017ж;
Республикалық «Жомарт жүрек» сыйлығының «Туған өлке» номинациясының лауреаты, 2018ж;
ЖОО қауымдастығының А.Байтұрсынұлы атындағы алтын медалі,2018ж;
Тараз қаласының Құрметті азаматы, 2019ж;





