
Өмірбаян
Жетібаев Қайрат Қыдырәліұлы 1967 жылдың 28 наурызында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. Ұлтым - қазақ.
Мен, 1984 жылы Үшарал орта мектебін бітіріп, Қарағанды мемлекеттік медицина институтына түсіп, дәрігер мамандығына ие болды.
2006 жылы Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық университетін менеджмент бакалавры мамандығы бойынша үздік бітірді.
2019 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Менеджмент мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 1992 жылы қалалық жедел жәрдем ауруханасында травмотолог дәрігері ретінде бастады.
1996 жылы облыстық туберкулезге қарсы балалар ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды.
2006 жылдан бастап «Nur Otan»партиясының мүшесі, 2008 жылдан бастап «Nur Otan»партиясы Тараз қалалық филиалының №50 бастауыш партия ұйымының төрағасы болды
2015 жылдан бастап Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері қызметін атқарып келемін, сондай-ақ, осы орталықтағы «Nur Otan»партиясы Тараз қалалық филиалының «Озат» бастауыш партия ұйымының төрағасы.
2010 жылдан бастап – «Nur Otan»партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі, «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының жемқорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық кеңесінің төрағасы. Партияның XIII, XIV, XVІ съездерінің делегаты.
Тараз қалалық мәслихатының V- VІ шақырылымдарының депутаты болды.
2021 жылдан Жамбыл облыстық мәслихатының VІІ шақырылымының депутаты.
Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар және Төс белгімен марапатталған кезеңдері:
- 2002 жылы -Жамбыл облысы Әкімінің «Құрмет грамотасымен» 1 қазанда марапатталды.
- 2002 жылы «Хабар» Агенттігінің бас директорының Алғыс хатын алды.
- 2005 жылы Қазақстан Республикасы халқына денсаулығын сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін омырауға тағатын«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.
- 2011 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
- 2011 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалімен наградталды.
- 2012 жылы Облыстық денсаулық сақтау саласына қосқан қомақты үлесі үшін және Медициналық қызметкерлер күніне орай Жамбыл облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» мараппаталды. (Қ.Бозымбаев)
- 2013 жылы Медицина саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі, қала тұрғындарының денсаулық сақтау жұмысына қосқан елеулі еңбегі үшін және Медицина қызметкері күні» мерекесіне орай Тараз қалалық мәслихатының «Құрмет грамотасымен» мараппаталды. (Б.Нарбаев)
- 2013 жылы Тәуелсіздік күні құрметіне орай грамотамен марапатталды. (Б.Қарашолақов)
- 2013 жылы Жалпы Мемлекеттік ҚР экономикасының кәсіпорын - көшбасшыларын «Салалар көшбасшысы 2013» марапаттау рейтингі бағдарламасы – «Салалар көшбасшысы 2013» - Ұлттық сертификаты берілді және «Салалар көшбасшысы 2013» естелік медалімен марапатталды.
- 2009 жылы «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы, Отанымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін алғыс хатымен марапатталды.
- 2013 жылы «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы, бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қосқан қомақты үлесі және Медицина қызметкерлерінің күні мерекесіне орай құрмет грамотасымен марапатталды.
- 2014 жылы «Қазақстан маслихаттарына 20 жыл» Юбилей медалімен мараптатталды.
- 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» төс белгісімен марапатталды.
- 2017 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.
- 2019 жылы Медицина қызметкерлерінің күніне орай Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
- 2020 жылы Жамбыл облыстық маслихатының Құрмет грамотасымен марапатталдым





