
Болатбек Уалихан Болатбекұлы
Жамбыл облысы мәслихатының депутаты
Өмірбаян
«Аманат» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы
Болатбек Уалихан Болатбекұлы 1991 жылы 16 наурыз күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Билікөл ауылында дүниеге келдім. Билікөл ауылындағы Қарымбай Қошмамбетов атындағы №3 орта мектептің табалдырығын 1997 жылы аттады. 2007 жылы Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық колледжіне, 2011 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына, 2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне оқуға түсті.
Еңбек жолын 2011 жылы «Еркін пікір» Жамбыл облыстық пікірсайысшылар одағы Жастар қоғамдық бірлестігінде төраға орынбасары болып бастады. Жамбыл телеарнасындағы «Алдаспан» жастар бағдарламасының кординаторы, «Адырна-Таразы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметтерін атқардым. 2013 жылы «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының жетекшісі қызметіне сайланды. 2014 жылдың қазан айынан бастап осы күнге дейін «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы қызметін атқарып келеді.
2018 жылы Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ел жастары атынан жастар саясатының орындалу барысы туралы баяндама жасады. 2019 жылы Қасым-Жомарт Кемелұы Тоқаевтың қатысуымен өткен облыс активінің жиналасында облыстағы жастар саясаты туралы баяндама жасады.
Сайлау науқандарында белсенді жұмыс атқарғаным үшін Н.Ә.Назарбавтың алғыс хатымен және «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төс белгісімен және «Халық алғысы» төс белгісімен марапатталды.
2021 жылы 10 қаңтарда өткен ҚР мәжіліс пен мәслихат депуттарының сайлауында Жамбыл облысының жетінші шақырылым депутаты болып сайланды.





