
Абдрахманов Шыңғыс Басиеұлы
Жамбыл облысы мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Абдрахманов Шынгыс Басиевич - Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында 1967 жылдың 27 тамызында қызметкерлер отбасында дүниеге келген.
Ұлты - қазақ.
1974 жылы Байқадам ауылында мектепке қабылданып, 1984 жылы Жаңатас қаласында Қ.Сатпаев атындағы мектепті орта білім алып, аяқтаған.
1984 жылы Қазақ Политехникалық Институтының Қаратау қаласындағы филиалына оқуға түсіп, 1990 жылы «инженер-механик» мамандығына ие болды.
Еңбек жолын 1984 жылы «АвтоВАЗтехобслуживание» облыстық орталығының Жаңатас қалалық филиалында автослесарь болып бастаған.
1986 жылы, оқып жатқан мамандығына байланысты, Жаңатас қаласындағы жолаушыларды автокөлікпен тасымалдау кәсіпорнына ауысып, 1990 жылға дейін жүргізуші, жөндеу және бақылау механигі, автоколонна бастығы қызметтерін атқарды.
1990-1995 жылдары «Тараз-Лада» акционерлік қоғамының Сарысу аудандық бөлімшесінің жетекшісі болып қызмет істеді.
1995-2002 жылдары «Қаратау» өндірістік бірлестігінің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінде инженер, жанар-жағар май бюросының бастығы қызметтерін атқарды.
2003-2005 жылдары - жеке кәсіпкер.
2005-2007 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі»-нің бас маманы, «Кәсіпкерлік бөлімі»-нің жетекші маманы қызметтерін атқарды.
2005 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті сайлауында Н.Назарбаевтың сенімді өкілі болып, алғысқа ие болды.
2007 жылдың қазан айынан 2010 жылдың тамызына дейін Сарысу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көгалдандыру және көріктендіру» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының «Жаңатас» еншілес кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.
2010 жылдың қыркүйек айынан 2011 жылдың ақпан айына дейін Сарысу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көгалдандыру және көріктендіру» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.
2014 жылдың қаңтар айынан осы күнге дейін Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Сарысу ауданындағы филиалының директоры қызметін атқарып келемін.
2019 жылдың қазан айынан «Шапағат» ЖШС-нің директоры.





