Бастаубаева Жанат Абдуалиқызы

    Жамбыл облыстық мәслихаты депутаты

    Бастаубаева Жанат Абдуалиқызы
    Депутат маслихата

    Бастаубаева Жанат Абдуалиқызы

    Жамбыл облыстық мәслихаты депутаты

    Өмірбаян

    Қазақстан Халық партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы

    Бастаубаева Жанат Абдуалиқызы 1963 жылы 12 наурызда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Ленинское ауылында дүниеге келген. 1981 жылы №41 Көкшетау техникалық училищесін "Астықты талдау зертханашысы" мамандығы бойынша, 1992 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша, 2002 жылы "Әулие ата" университетін "экономист қаржыгер" мамандығы бойынша, 2003 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген.

    2000 жылдан бастап "Жамбыл облысының Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының" ҚБ мүшесі болып табылады.

    2002 жылы АҚШ-тың сауда министрлігінде "SABIT" бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметтің жас басшылары үшін Вашингтон, Чикаго, Сент-Луис және Спрингфилд қалаларында іскерлік тағылымдамадан өтті.

    2002-2006 ж.ж. шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды, әдістемелік құралдарды әзірлеу жөніндегі республикалық және облыстық конкурстарға қатысушы болып табылады.

    2006 жылдың қыркүйегінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен "Сыртқы сауда – Түркия-Еуразия көпірі" саммитінде Қазақстандық бизнесмендер делегациясының құрамына енді.

    2020 жылдың қаңтар айында "Қазақстан Халық партиясы" ҚБ-нің Еуразия бойынша басқару жөніндегі жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша Қытайға іскерлік сапардың жұмыс тобына кірді (Пекин қ., Цзинганьшань қ., Цзянь қ. Фучжоу қ., Нанчанг қ., Үрімші қ., ҚХР Республикасы).

    2020-2022 ж.ж. Жамбыл облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшесі болды.

    2020-2023 ж.ж. Қазақстан Халық партиясының орталық аппаратының саяси кеңесінің және саяси бюросының мүшесі болды.

    2021-2023 ж.ж. Тараз қалалық мәслихатының XII-ші шақырылымының депутаты болып сайланды.

    2022 жылдың қаңтарында "Біздің депутат" республикалық қоғамдық-саяси газеті рейтингінің қорытындысы бойынша "2021 жылдың құрметті депутаты" медалімен марапатталды (Астана қаласы).

    2022 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік награда "Ерен еңбегі үшін" деген медалімен марапатталды.

    2022 жылғы қарашада ҚР Президентінің сайлауына белсенді қатысқаны үшін Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының "Алғыс хаты"-мен марапатталды.

    2022 жылғы 26 қарашада ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың ұлықтау рәсіміне қатысты.

    2022 жылдың желтоқсанында ҚР Президентінің сайлауалды жұмысының қорытындысы бойынша қосқан үлесі үшін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың "АЛҒЫС ХАТЫ " –мен марапатталды. 2022 жылғы желтоқсанда жыл қорытындысы бойынша ҚХП Жамбыл облыстық филиалы республикадағы 20 филиалдың арасынан 1-ші орынды иеленді. Қазақстан Халық партиясының төрағасы Е.Ертісбаевтың "Нәтижеге бағытталған жұмыс" дипломымен марапатталды.

    2023 жылғы 29 наурыздан бастап XIIІ-ші шақырылымның Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды, сондай-ақ "Кәсіпкерлік, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуналдық саланы дамыту мәселелері жөніндегі" XIIІ-ші шақырылымның облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары болып сайланды.

    Сондай-ақ, Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімінің, халықаралық ұйымдардың Құрмет грамоталарымен, дипломдарымен, "Алғыс хат"-мен марапатталған. Біліктілікті арттыру бойынша 30-дан астам сертификаты бар.

    Сонымен қатар 16 мерейлік медальдарымен марапатталған:

    1) "Жылдың іскер адамы" (2006 ж., Стамбул қ.),

    2) "Отан қорғаушы" құрметті төсбелгісі (2011ж., Алматы қ.),

    3) "Қазақстан патриоты" (2021ж., Астана қ.)

    Еңбек жолын 1980 жылы астықты талдау зертханашысы, ауысым шебері, Комсомол және партия ұйымының хатшысы болып Берлик элеваторында 1987 жылға дейін бастаған.

    1992 жылы Жамбыл облыстық әкімшілігі басшысының аппаратына жұмысқа қабылданды, онда 2002 жылға дейін жетекші, бас маман болып жұмыс істеді.

    2002-2005 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің шағын және орта бизнесті қолдау Комитеті, Жамбыл облысы әкімінің нарықтық инфрақұрылым басқармасының төрағасының орынбасары, 2005 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2006 – 2012 жылдары – Тараз қаласы әкімдігінің құрылымында – кәсіпкерлік бөлімінің меңгерушісі, әкімнің көмекшісі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары.

    2012 жылы коммерциялық және кәсіпкерлік құрылымдарға – "MARK of PERFECTION" ЖШС-нің Бас директорының орынбасары, "Азия – Қазақстан "Концерні" ЖШС-нің вице - президенті, "Астанастрой - 2030"ЖШС-нің директоры болып жұмысқа ауысты.

    2015 жылдан – Жамбыл облыстық қазақ драма театры директорының орынбасары.

    2016 жылғы қарашадан бастап ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің екінші хатшысы болып қабылданды, 2019 жылғы қарашадан бастап ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің (Қазақстан Коммунистік Халық партиясы) бірінші хатшысы, 2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облыстық Қазақстан Халық партиясы филиалының төрағасы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері