Қызметкерлер — Ақтөбе облысының мәслихаты

    Ақтөбе облысының мәслихаты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    4
    Сүйінтаева Гүлқасима Рамазанқызы
    Мәслихатының төрағасы

    Сүйінтаева Гүлқасима Рамазанқызы

    Ақтөбе облыстық мәслихатының төрағасы

    1964 жылы 28 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

    Махамбетов Нұрлан Жаңабекұлы
    Мәслихат депутат

    Махамбетов Нұрлан Жаңабекұлы

    Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, №10 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Ауыл" партиясы

    1961 жылы 12 қазанда Ақтөбе облысы Новоресей кентінде дүниеге келген. 1979-1984 жылдары Қарағанды политехникалық институтында оқып, инженер-механик мамандығын алды. 2016 жылы Қарағанды ​​қаласындағы Орталық Қазақстан академиясын құқықтану, заң ғылымдарының бакалавры мамандығы бойынша тәмамдады. 1984 жылдан 1986 жылға дейін Ақтөбе қаласындағы «Қазстальконструкция» СУ механигі, 1986 жылдан 1991 жылға дейін Ақтөбе облысының комсомол органдарында бастауыш ұйым хатшысынан бастап Октябрь аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысына дейін қызмет істеді. 1991 жылдан 1997 жылға дейін Ақтөбе қаласының түрлі коммерциялық құрылымдарында еңбек етті. 1997-2002 жылдары «Ақтөбе облысының кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы» ҚБ атқарушы директоры, 2002-2005 жылдары «Ақтөбе облысының кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ басшысы, Ақтөбе облысының Тәртіптік кеңесі хатшылығының меңгерушісі 2005-2008 жылдары «Атамекен» Одағы» ҰЭП ЗТБ директорының орынбасары, 2008 жылдан 2014 жылға дейін әртүрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2014-2023 жылдары Ақтөбе облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы болып қызмет атқарып келді. Ақтөбе қаласы мәслихатының 4,5,6,7 шақырылым депутаты болып сайланды. 2022 жылы Ақтөбе облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі болып, онда заңдылық, құқық және сыбайлас жемқарлыққа қарсы күрес комиссиясына жетекшілік етті. Облыстың дамуына қосқан үлесі үшін медальдармен, алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.

    Дүйсенова Айгүл Егізбайқызы
    Мәслихат депутат

    Дүйсенова Айгүл Егізбайқызы

    Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, "AMANAT" партиясынан депутат

    1972 жылы 1 сәуірде Жамбыл облысында дүниеге келген. 1989 жылы Ақтөбе қаласындағы № 20 орта мектепті, 1994 жылы Ақтөбе кооперативтік техникумын сырттай қызыл дипломмен, одан кейін Қ.Жұбанов атындағы университеттің экономика факультетін бітірді. Оқумен қатар мамандығы бойынша еңбек қызметін жалғастырды.

    Айтқалиев Тимур Владимирұлы
    Қызметкерлер

    Айтқалиев Тимур Владимирұлы

    Ақтөбе облыстық мәслихаты аппаратының басшысы

    Айтқалиев Тимур Владимирұлы, 1981 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, заңгер, Қазақ-Орыс Халықаралық университетін және Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Ақтөбе облысының әділет департаментінің жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау бөлімінің бас маманы болып бастап, 2007 жылдан 2009 жылға дейін Ақтөбе облысының әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы болып жұмыс жасады. 2009 жылдан бастап Ақтөбе облыстық мәслихатының аппаратында бас маман, аппарат басшысының орынбасары. 2016 жылғы 30 маусымнан бастап облыстық мәслихат аппаратының басшысы. Отбасылы, екі бала тәрбиелеуде.

    Басқа қызметкерлер

    39
    Итеғұлов Еламан Маратұлы
    Қызметкерлер

    Итеғұлов Еламан Маратұлы

    №1 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Amanat"

    1988 жылы 7 қарашада Ақтөбе облысында дүниеге келген. Жоғары білімді қаржыгер.

    Қойлыбаев Марат Айтуғанұлы
    Мәслихат депутат

    Қойлыбаев Марат Айтуғанұлы

    №2 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Amanat"

    1968 жылы 10 маусымда Ақтөбе облысы Алға ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. 1985 жылы дарынды балаларға арналған Қарағанды спорт мектебін тәмамдаған. 1986 жылы Кеңес армиясы қатарына шақырылып, Ауғанстан Республикасында әскери борышын атқарып, 1987 жылдың мамырынан 1989 жылдың ақпанына дейін қызмет етті. 1994 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының спорт факультетін бітірген. Еркін күрестен КСРО спорт шебері. 1995 жылдан кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Қазір «Жазық групп» ЖШС-ін басқарады. 2016 жылдан Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, 2021-2022 жылдары — Қоғамдық кеңес төрағасы. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Отбасылы, 5 бала және 3 немере тәрбиелеп отыр.

    Саймов Азамат Алтынбекұлы
    Қызметкерлер

    Саймов Азамат Алтынбекұлы

    №3 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Ақжол" партиясы

    Азамат Алтынбекұлы Саймов 1989 жылы 11 шілдеде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2005 жылы №20 орта мектеп-лицейін бітірді. 2011 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы «Қазмеханомонтаж» ЖШС-де ӨТБ инженері болып бастаған. 2013 жылдан бастап «Dulat» компаниясының негізін қалаушы және басшысы болып табылады. Ол басқаратын «Dulat» компаниясы «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпазы атанды. Белсенді қоғамдық қызмет жүргізеді. 2022 жылдан бастап Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшесі және Атамекен ҰКП өнеркәсіп комитетінің мүшесі болып табылады. «Ақжол» партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты. Бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі. Қала және облыс басшылығының грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталған. Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.

    Сабыр Қайрат Қанатұлы
    Қызметкерлер

    Сабыр Қайрат Қанатұлы

    №4 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Amanat" партиясы

    1966 жылы 7 қыркүйекте Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1983 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем станциясының санитары болып жұмыс істеді, 1984 жылы оқуға түсіп, 1990 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын үздік бітірді. 1990-1995 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының жанындағы хирургия мамандығы бойынша клиникалық ординатурада және аспирантурада оқыды, облыстық ауруханасының хирургия бөлімшесінің ординатор дәрігері болды. 1995-1998 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина институты госпитальдық хирургия кафедрасының ассистенті, облыстық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі, 1998-2000 жылдары облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері, 2000-2003 жылдары М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының ректоры. 2003-2004 жылдары М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы факультеттік хирургия кафедрасының меңгерушісі, 2004-2014 жылдары Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 2014-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, 2017-2018 жылдары «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК медициналық директоры, медицина университетінің хирургия кафедрасының профессоры, 2018 жылдан «Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы. 2018 жылдан Ақтөбе облысындағы «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ филиалының директоры. 2023 жылдан «QAMQOR» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Жоғары санатты хирург. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. ҚР клиникалық және іргелі медицина академиясының академигі. 140-тан астам ғылыми және әдістемелік еңбектердің, оның ішінде 8 өнертабыстың, 7 монографияның авторы. Облыстың дамуына қосқан үлесі үшін медальдармен, алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.

    Әліпов Серік Амантайұлы
    Қызметкерлер

    Әліпов Серік Амантайұлы

    №5 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Amanat" партиясы

    1963 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданы Көктөбе ауылында дүниеге келген. Алматы энергетика институтын инженер-электрик мамандығы бойынша 1985 жылы бітірген. Ақтөбе облыстық партия комитеті жанындағы марксизм-ленинизм университетінде, Мемлекеттік басқару дағдылары мен медиа технологиялар бойынша курстарда оқыған.

    Данағұлов Ербол Жеткергенұлы
    Қызметкерлер

    Данағұлов Ербол Жеткергенұлы

    №6 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Amanat" партиясы

    Данағұлов Ербол Жеткергенұлы 1981 жылғы 11 шілдеде Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туған. Жоғары білімді, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «экономист-бухгалтер» мамандығы және Абай атындағы ҚазҰПУ-ды «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

    Сансызбай Фархат Сарсенбайұлы
    Қызметкерлер

    Сансызбай Фархат Сарсенбайұлы

    №7 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Ақжол" партиясы

    1986 жылы 19 қыркүйекте Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген 2009 жылы, Тілдер және іскерлік мансап университеті магистратурасын «Дінтану» мамандығы бойынша 2017 жылы бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстан темір жолы» АҚ вагондарды жөндеу бойынша слесарь болып бастаған. 2015 жылдан — «ВКДиД» ЖШС-де құрылыс учаскесінің шебері, 2016 жылдан «Защита KZ» ЖШС компаниясының директоры. Өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады. 2018 жылдан бастап Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Экология, жер қойнауын пайдалану, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс жөніндегі Қоғамдық кеңес комиссиясының төрағасы. «Құрмет» орденімен, «Азаматтық қорғаныс жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. Ақтөбе облысының «Көкпар» федерациясының президенті. Оның басшылығымен ауылдық жерлерде ұлттық спорт түрлеріне қолдау көрсетіледі. Ұлттық спорт түрлері бойынша тек ауыл жастарын тарта отырып, облыстық және аудандық турнирлер үнемі өткізіліп тұрады. Бестен астам аудандық команда құрылды, спортшылар жаттығу және қайырымдылық негізде турнирлерге қатысу үшін арнайы спорттық киіммен, атпен қамтамасыз етілді. Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.

    Жолдасбаев Шахан Шахмаранұлы
    Мәслихат депутат

    Жолдасбаев Шахан Шахмаранұлы

    №8 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Amanat" партиясы

    1980 жылы 29 желтоқсанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылдың шілде айынан 2003 жылдың мамыр айына дейін «Spangzhan-Group» ЖШС-да мамандығы бойынша жұмыс істеді. 2003 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына шақырылып, 2004 жылғы сәуірде гвардиялық запастағы сержант атағымен босатылған.

    Жиембаев Алтынбек Байназарұлы
    Қызметкерлер

    Жиембаев Алтынбек Байназарұлы

    №9 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Ауыл" партиясы

    1975 жылы 13 сәуірде Ақтөбе облысы, Новоресей ауданы Қопа ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Новый селосында орта мектепті бітірді. 1996 жылы Алматы дене шынықтыру институтын бітіріп, 2009 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде екінші жоғары білім алды

    Қалдығұлов Самат Рейұлы
    Мәслихат депутат

    Қалдығұлов Самат Рейұлы

    №11 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Ауыл"

    1961 жылы 12 сәуірде Ақтөбе облысының Алға ауданы Амангелді селосында дүниеге келген. Еңбек жолын көлік жүргізушісі болып Амангелді селосында бастаған. 1979-1981 жылдары Кеңес армиясы қатарындағы борышын Венгр жерінде өтеген.

    Тілегенова Бану Жұбанғалиқызы
    Қызметкерлер

    Тілегенова Бану Жұбанғалиқызы

    №12 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Amanat" партиясы

    1964 жылы 23 сәуірде Ресей Федерациясының Орынбор облысы, Саракташ ауданы, Цветочное ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Орынбор медициналық училищесін медбике мамандығы бойынша бітірді. 1981 жылдан «ГАЗПРОМ» медициналық бөлімінде, медбике, 1984-1993 жылдары Ақтөбе қаласында медбике болып жұмыс істеді. 1993 жылы Ақтөбе қаласында алғашқы дүкен ашудан кәсіпкерлікті бастады. 1997 жылы Ақтөбе қаласының тұрғындарына шаштараз қызметтерін ұсына отырып, «Бану» ЖШС-ін ашты. 2000 жылы жұбайымен бірге 50 орындық «Ұлпан» кафесі қызметін ұсынды. 2013 жылы «Зере» қонақ үй-мейрамхана кешені ашылды. 2016 – 2018 жылдары Ақтөбе қаласындағы ALMAU филиалы жанынан МВА модульдік оқытудан өтті. 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. 2017 - 2018 жылдары Мәртөк ауданы, Қазан ауылында марал шаруашылығы базасында «Зәру» пантоемдеу шипажайын ашты. Шипажай ауруханаға жатқызу бюросының порталы бойынша І, ІІ, ІІІ-топтағы мүгедектерге қызмет көрсетеді. Мәртөк аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты. «AMANAT» партиясының Мәртөк аудандық филиалы жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы. Ақтөбе облысының қонақ үй-мейрамхана бизнесі қауымдастығының төрайымы. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшесі. Ақтөбе қаласындағы Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының басқарма мүшесі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қоғам игілігі үшін және Әйелдер қозғалысы идеяларын қолдағаны үшін» медалімен және «Жомарт жүрек» медалімен марапатталған. Облыс және қала әкімінің алғыс хаттарымен және грамоталарымен бірнеше рет марапатталған.

    Мәслихат депутат

    Вакансия . .

    №13 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат

    Ізбасов Боран Оңғарұлы
    Қызметкерлер

    Ізбасов Боран Оңғарұлы

    №14 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Amanat" партиясы

    1957 жылы 1 наурызда Ақтөбе облысы, Темір ауданы Шұбарқұдық станциясында дүниеге келген. 1981 жылы Алматы құрылыс техникумын газ шаруашылығының технигі мамандығы бойынша және 2005 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын жылу энергетикасы инженері мамандығы бойынша аяқтады. 1974-1975 жылдары Шұбарқұдық кентінде автобазада жүргізуші болып еңбек етті. 1975-1977 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери міндетін атқарды.

    Сисенбаев Естай Ибрагимұлы
    Қызметкерлер

    Сисенбаев Естай Ибрагимұлы

    №15 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Amanat"партиясы

    1978 жылы 17 маусымда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында дүниеге келген. 1997-2002 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде оқып, «Қаржы және несие» мамандығын алды. 1997 жылдан 2003 жылға дейін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы жанындағы «Ақтөбэнергонефть» басқармасының қазандық жабдықтары бойынша слесары, су сорғыларына арналған машинаның жүргізушісі болып жұмыс істеді. 2003 жылдан 2006 жылға дейін «АСБИ» ЖШС жабдықтау бөлімінің қызметкері, бөлім басшысы. 2006 жылдан 2009 жылға дейін «Спектр-продукт» ЖШС, «Бас Сардар» ЖШС бас директоры. 2009 жылы «СтройгазСервис – Ақтөбе» компаниясының басшысы қызметін атқарды. 2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін «BazisGroup KZ» ЖШС құрылтайшысы болып табылады. Ақтөбе облыстық мәслихатының VII шақырылым депутаты. Әр жылдары Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және облыс әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталған. 2017 жылы Мәртөк ауданының «Жыл адамы» атанды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медальмен және 2022 жылы «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.

    Молдашев Дәурен Хайреденұлы
    Қызметкерлер

    Молдашев Дәурен Хайреденұлы

    №16 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Amanat" партиясы

    1965 жылы Орынбор облысы Ақбұлақ ауданының Ақоба селосында дүниеге келген. 1983 жылы Орынбор педагогикалық училищесін «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 1983-1985 жылдары Кеңес әскері қатарында борышын өтеді. 1986-1992 жылдары Хромтау қаласындағы №2 орта мектебінде әскери жетекші болып, кейін мектеп директоры лауазымына тағайындалады. Одан кейін басшылық қызметтерін атқарады: аудандық спорт, дене шынықтыру және туризм комитетінің төрағасы, Хромтау ауданы әкімі аппаратында ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, №4 кәсіптік-техникалық лицейдің директоры болды. Өндірістен қол үзбей екі жоғары білім алған. 1991 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының «Дене тәрбиесі» факультетін, 2007 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінен «Мемлекеттік басқару» бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесін алып шықты. 2003 жылы Хромтау ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 2007 жылдан 2023 жылға дейін ІV, V, VІ және VII шақырылымда Хромтау аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды. «Amanat» партиясының мүшесі. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» және «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Құрмет Грамотасымен марапатталған. Отбасылы. Екі баласы бар.

    Төлеуова Кәмшат Шәкірбекқызы
    Мәслихат депутат

    Төлеуова Кәмшат Шәкірбекқызы

    №17 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Ауыл" партиясы

    1985 жылы 8 қаңтарда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын «Шет тілдері, ағылшын және неміс тілдерінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген, сондай-ақ Қазақ-Орыс халықаралық университетін экономист мамандығы бойынша, Лондонда «master of business Administration», Германияда «master of business Administration», «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандықтары бойынша оқыды. Еңбек жолын Ақтаудағы «ENSAI Caspian contractor» ЖШС-де аудармашы ретінде бастады. «Ақтөбе Мұнайгазснаб» ЖШС қаржы директоры болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында «Nuraly Farms» ЖШС және «Aterra» ЖШС жоба менеджері. 2013 жылы «Forbes» журналының нұсқасы бойынша «Үздік жас кәсіпкер» атанды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ақтөбе облысы әкімінің және Шалқар ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.

    Айдарханова Күлпаршын Алпысбайқызы
    Қызметкерлер

    Айдарханова Күлпаршын Алпысбайқызы

    "Amanat" партиясынан депутат

    1966 жылы 9 қарашада Ақтөбе облысы Хромтау ауданында дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын педиатрия, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін психолог мамандығы бойынша бітірген. Қазақ-Ресей халықаралық университетінен құқықтану мамандығы бойынша заң магистрі дәрежесін алды. Медицина ғылымдарының кандидаты, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының Халықаралық ғалымдар, оқытушылар және мамандар қауымдастығы Төралқасының шешімімен академиялық атақ берілді, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры.

    Бекенов Құдайберген Елтекұлы
    Қызметкерлер

    Бекенов Құдайберген Елтекұлы

    "Amanat" партиясынан депутат

    1959 жылы 3 маусымда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылында дүниеге келген. Фармацевтика ғылымдарының кандидаты. 1984 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент қаласындағы филиалын фармация мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы ҚР салааралық кадр даярлау институтын бухгалтерлік есеп және бақылау мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Вишняк Сергей Викторович
    Қызметкерлер

    Вишняк Сергей Викторович

    "Amanat" партиясынан депутат

    1961 жылы 1 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің экономика және менеджмент факультетін бітірген. 1978 жылы Ақтөбе хром қосындылары зауытының энергия цехында слесарь болып еңбек жолын бастады. Аппаратшы, ауысым шебері, 4-цех бөлімшесінің бастығы, зауыт жабдықтары бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді, содан кейін бірнеше жыл бойы химия зауытының жинақтау бөлімінің жетекші инженері қызметін атқарды. 1998 жылдан әртүрлі коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2000 жылдан «Динар-Электромаш» ЖШС-нің тең құрылтайшысы және тұрақты іс басқарушысы. 2005 жылдан – «Энергиякомплект» ЖШС-нің тең құрылтайшысы, 2007 жылдан – «Энерго-Дин» ЖШС-нің тең құрылтайшысы, 2007 жылдан – «ТД Энергия» ЖШС-нің тең құрылтайшысы, 2010 жылдан – «Энергия» ШҚ құрылтайшысы (Алға ауданының аумағында «Ауылды жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы мақсатында). Ақтөбе облыстық мәслихатының VI, VII және VIII-шақырылымдарының депутаты. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Ақтөбе облысы бойынша ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы. Әулие Николай кафедралық соборының Қамқоршылар кеңесінің мүшесі. Ол негізін қалаған барлық кәсіпорындар қайырымдылық жұмыстарына белсенді қатысады, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мен тыл еңбеккерлеріне, жергілікті соғыстарға қатысушыларға, жетім балаларға, спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетіп отырады. 2006-2008 жылдары Ақтөбе қаласындағы Әулие Николай кафедралық соборының құрылысына және абаттандырылуына белсенді қатысты. Қазақстандық қоғамның рухани өміріне белсенді қатысқаны және қайырымдылық қызметі үшін Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархының Жарлығымен 2010 жылы оған III дәрежелі Әулие князь Мәскеулік Даниел ордені табысталды. «Құрмет» орденімен, «Алғыс», «Қазақстан Ұлттық ұланының ХХ жылдығы», «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен марапатталған. Оған «Ел бірлігі», «Ақтөбе облысының Жыл адамы» номинациялары бойынша Қазақстанның патриоты атағы берілді. ҚР Президентінің «Қайырымдылықты дамытуға және Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін» алғысы бар. Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы. Отбасылы, жұбайымен ұл, қыз тәрбиелеген, үш немересі бар.

    Дүржанов Талғат Сейлханұлы
    Қызметкерлер

    Дүржанов Талғат Сейлханұлы

    "AMANAT" партиясынан депутат

    1975 жылы 22 қаңтарда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Заманауи гуманитарлық академиясын бітірген. 1998 жылдан жеке кәсіпкер, «Жантас» ЖШС құрылтайшысы. Өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысады. Ақтөбе қаласы мәслихатының VII шақырылым депутаты. ҚР Президентінің, Ақтөбе қаласы әкімдігі мен мәслихатының, «АМАНАТ» партиясының Алғыс хаттарымен марапатталған. Отбасылы, төрт баласы бар.

    Қалмағанбетов Бижан Қуанышкерейұлы
    Мәслихат депутат

    Қалмағанбетов Бижан Қуанышкерейұлы

    "Amanat" партиясынан депутат

    1961 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында дүниеге келген. Атырау қаласындағы №101 кәсіптік-техникалық училищесін, Қарағанды индустриалды-педагогикалық техникумын бітірді. 1980-1982 жылдары әскери қызмет өткеріп, КСРО жоғары комсомол мектебін бітірді. «Қайнар» университетінен құқықтану мамандығын алды.

    Масалимова Күлшат Қабылбекқызы
    Қызметкерлер

    Масалимова Күлшат Қабылбекқызы

    "Amanat" партиясынан депутат

    1973 жылы 9 шілдеде Алматы облысы Үштөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2005 жылы Қазақстан экономика және құқық институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы «LLP Corporate Cuisine» тамақтану және мекенжай бойынша үйлестіруші болып бастады. 2005-2009 жылдары «Aspava» ЖШС, 2009-2016 жылдары — «Taksim Asia» ЖШС директоры. 2016 жылдан — «Корпорация» МК» ЖШС құрылтайшысы. «Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының іскер әйелдер қауымдастығы» ҚҚ төрағасы, «Қолғанат Ақтөбе» ҚҚ президенті, Ақтөбе облысының саясаткер әйелдер клубының мүшесі, Қазақстан әйелдер күштері Альянсы төрағасының орынбасары, өңірлік брендті айқындау жөніндегі сараптамалық кеңестің мүшесі. «AMANAT» партиясының мүшесі. VI сайланған Ақтөбе қаласы мәслихатының депутаты. Облыстық мәслихаттың VII және VIII шақырылымдарының депутаты. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі. Қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерін меңгерген. Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласындағы белсенді қоғамдық қызметі үшін «Құрмет» орденімен, алғыс хаттармен, грамоталармен марапатталған, «2019 — Жылы Адамы» атағына ие, «Аманат» сыйлығымен, COVID-2019-ға қарсы күрестегі үлесі үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталған.

    Нұркеева Айгүл Маратқызы
    Мәслихат депутат

    Нұркеева Айгүл Маратқызы

    "Amanat" партиясынан депутат

    1981 жылы Қобда ауданы Ново-Алексеевка ауылында (қазіргі Қобда ауылы) дүниеге келген. Білімі жоғары, ғылыми дәрежесі - өнер магистрі. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінiң филология (1998-2002) және заң (2002-2005) факультеттерін бітірген.

    Прокопьев Сергей Леонидович
    Қызметкерлер

    Прокопьев Сергей Леонидович

    "Amanat" партиясынан депутат

    Прокопьев Сергей Леонидович 1984 жылы 20 қаңтарда дүниеге келген. Білімі-жоғары, 2006 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Қара және түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын «Қара және түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі – «Іскерлік әкімшілендіру шебері 2015 жылы Мәскеу қаласының EY Бизнес Академиясында «Қаржы емес менеджерлерге арналған қаржы I: есеп, талдау, бюджет» бағыты бойынша оқыды. 2002 жылы Ақсу ферроқорытпа зауытының №1 балқыту цехында горнов болып жұмыс істей бастады. 2007 жылы сол бөлімшенің аға шебері болып тағайындалды. 2010 жылы Ақсу ферроқорытпа зауытының №1 балқыту цехын басқарды. 2013 жылы Компания басшылығының шешімімен кәсіпорынның өндірістік-техникалық басқармасын басқарды. Бір жылдан кейін, 2014 жылы Ақсу ферроқорытпа зауытын басқарды. 2021 жылғы сәуірден бастап Сергей Прокопьев «Қазхром» ТҰК АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті, 2022 жылғы қыркүйектен бастап «Қазхром» ТҰК АҚ президенті болып жұмыс істейді. Әлеуметтік мәселелерге, ұрпақтар сабақтастығына, кадрлар даярлауға, жастармен жұмыс істеуге үлкен көңіл бөледі. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан – Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты. Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі. Мемлекет басшысының алғыс хаттарымен (2015, 2016, 2019 жж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2016 ж.) және басқа да көптеген қоғамдық және кәсіби қызметі үшін құрмет белгілерімен марапатталған. Белсенді өмірлік ұстанымының, адамдарға бей-жай қарамауының арқасында Ақсу қаласы әкімінің «Адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен батылдық пен батырлық үшін» грамотасымен марапатталды (2014 ж). Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

    Салфиков Талғат Маратұлы
    Қызметкерлер

    Салфиков Талғат Маратұлы

    "Amanat" партиясынан депутат

    1962 жылы 1 қарашада Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келген. Семей жүнді-аң терісі техникумын 1983 жылы тауар танушы мамандығы бойынша бітірген. Техникумды аяқтағаннан кейін тауар сатушы-тапсырушы, Ақтөбе БЖТ қоймасының Қазақ Тұтыну Одағының тапсыру тобының жетекшісі болып жұмыс істеді. 1991 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысты. 1993 жылы«АНВАР» ЖШС-ін құрды және бүгінгі күнге дейін аталған ЖШС-нің бас директоры. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚазақстанКонституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен және ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған, 2004 жылы «Ақтөбе облысының Жыл адамы» атағына ие болды. Сонымен қатар 2014 жылы «Алтын жүрек» сыйлығының, 2018 жылы Ақтөбе облысының «Жыл меценаты» атағының иегері атанды. Ойыл ауданының құрметті азаматы. 2023 жылы «Парасат» орденімен марапатталды.

    ТІЛЕУҚАБЫЛОВ ЕРЛАН РАХЫМЖАНҰЛЫ
    Қызметкерлер

    ТІЛЕУҚАБЫЛОВ ЕРЛАН РАХЫМЖАНҰЛЫ

    депутат от партии «AMANAT»

    ТІЛЕУҚАБЫЛОВ ЕРЛАН РАХЫМЖАНҰЛЫ « AMANAT » партиясын ан депутат Тілеуқабылов Ерлан Рахымжанұлы 1988 жылы 6 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2007 жылы М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне түсіп, 2010 жылы Қаржы мамандығы бойынша бітірді. 2010 жылы Қазақстан халықтарының достығы инженерлік-педагогикалық университетіне түсіп, 2013 жылы Құқықтану мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2013 жылы «Зерде-Автоматика» ЖШС директорының орынбасары, 2016 жылдың қаңтар – қараша аралығында осы серіктестіктің атқарушы директоры болып бастады. 2016 жылғы қарашадан 2021 жылғы мамырға дейін – «Зерде-Строй» ЖШС атқарушы директоры. 2021 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС директоры. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2024 жылдың наурыз айынан – Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты. Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    Төлеуов Қайрат Аманқосұлы
    Мәслихат депутат

    Төлеуов Қайрат Аманқосұлы

    "Amanat" партиясынан депутат

    1977 жылы 26 қазанда Ақтөбе облысы, Ленин ауданы Велиховка ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық академиясын аяқтап, дәрігер мамандығын алған. 2004 жылы Алматы қаласындағы М.С Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінде оқып, заңгер мамандығын алған. 2000 жылдан жеке кәсіпкер. 2003-2007 жылдары «Атамекен» шаруа қожалығының басшысы. 2007 жылдан «Атамекен-нан-2000» ЖСШ басшысы. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20, 25, 30 жылдығы медальдарымен және Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығына орай медалмен марапатталған. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Сауда министрлігінен «Ақтөбе облысының Үздік кәсіпкері» дипломымен марапатталған.

    Жәлімбетова Раушан Аманқосқызы
    Қызметкерлер

    Жәлімбетова Раушан Аманқосқызы

    "Ақжол" партиясынан депутат

    1980 жылы 20 қарашада Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің экономика факультетін 2001жылы, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің құқықтану бакалавры бойынша 2007 жылы бітірді. IBCM сертификатталған жаттықтырушысы (Мәскеу қаласы, 2022 жыл).

    Дүржанов Талғат Сейлханұлы
    Қызметкерлер

    Дүржанов Талғат Сейлханұлы

    "Amanat" партиясынан депутат

    Дүржанов Талғат Сейлханұлы 1975 жылы 22 қаңтарда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі: мемлекеттік емес білім беру мекемесі Заманауи Гуманитарлық Академия (2006);

    Ілиясова Әсем Бақытқызы
    Мәслихат депутат

    Ілиясова Әсем Бақытқызы

    Депутат от партии "Акжол"

    1986 жылы 21 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2004-2008 жылдары Алматы экономика және статистика академиясында оқып, бухгалтер мамандығын алды. 2008 жылдан 2010 жылға дейін мұнай саласы үшін каротаж көтергіштерін шығаратын республикадағы жалғыз кәсіпорын «Ақтөбежилкомплект» ЖШС-нің бухгалтері болып жұмыс істеді. 2010 жылы жеке бизнеске ауысты. Қазақстан аумағында бірқатар итальяндық киім және басқа да люкс тауарларын өндірушілер фабрикаларының өкілдігін ашты. 2019 жылы «Ақжол» Қазақстан Демократиялық партиясының қатарына қосылды. 2022 жылдан әйелдер күштері Альянсының басшылығымен «Әйелдер саяси көшбасшылық мектебінің» жетекшісі. 2023 жылы облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі болды. 2023 жылдан мектепке дейінгі білім беру мекемесінің басшысы болып табылады. 2020 жылдың желтоқсан айында «Ақжол» демократиялық партиясы Төралқасы атынан коронавирус пандемиясы кезіндегі жанқиярлық ерлігі мен қайырымдылығы үшін естелік медальмен марапатталды.

    Базарғалиев Әлібек Айдарханұлы
    Қызметкерлер

    Базарғалиев Әлібек Айдарханұлы

    "Ауыл"партиясынан депутат

    Базарғалиев Әлібек Айдарханұлы 1971 жылы 11 сәуірде Ақтөбе облысы Алға ауданы Батпақты ауылында дүниеге келген. А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтты "Тарих және әлеуметтік-саяси пәндер мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген, Орал қаласы (1988-1994ж.ж.). Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" мамандығы бойынша бітірген (2016-2018ж.ж.). Павлодар қ. Торайғыров университетін "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі дәрежесін бітірген (2019-2021ж. ж.).

    Нұғманова Самал Болатқызы
    Мәслихат депутат

    Нұғманова Самал Болатқызы

    «Ауыл» партиясынан депутат

    Нұғманова Самал Болатқызы 1973 жылғы 13 наурызда Ақтөбе облысында туған. Жоғары білімді, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын «орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.