
Өмірбаян
1977 жылы 26 қазанда Ақтөбе облысы, Ленин ауданы Велиховка ауылында дүниеге келген.
2000 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық академиясын аяқтап, дәрігер мамандығын алған.
2004 жылы Алматы қаласындағы М.С Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінде оқып, заңгер мамандығын алған.
2000 жылдан жеке кәсіпкер. 2003-2007 жылдары «Атамекен» шаруа қожалығының басшысы. 2007 жылдан «Атамекен-нан-2000» ЖСШ басшысы.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20, 25, 30 жылдығы медальдарымен және Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығына орай медалмен марапатталған.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Сауда министрлігінен «Ақтөбе облысының Үздік кәсіпкері» дипломымен марапатталған.





