Саймов Азамат Алтынбекұлы

    №3 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Ақжол" партиясы

    Саймов Азамат Алтынбекұлы
    Депутат маслихата

    Саймов Азамат Алтынбекұлы

    №3 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Ақжол" партиясы

    Өмірбаян

    Азамат Алтынбекұлы Саймов 1989 жылы 11 шілдеде Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

    2005 жылы №20 орта мектеп-лицейін бітірді. 2011 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2012 жылы «Қазмеханомонтаж» ЖШС-де ӨТБ инженері болып бастаған. 2013 жылдан бастап «Dulat» компаниясының негізін қалаушы және басшысы болып табылады. Ол басқаратын «Dulat» компаниясы «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпазы атанды.

    Белсенді қоғамдық қызмет жүргізеді. 2022 жылдан бастап Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшесі және Атамекен ҰКП өнеркәсіп комитетінің мүшесі болып табылады.

    «Ақжол» партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан бастап Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты. Бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.

    Қала және облыс басшылығының грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталған.

    Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері