
Әліпов Серік Амантайұлы
№5 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Amanat" партиясы
Өмірбаян
1963 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданы Көктөбе ауылында дүниеге келген.
Алматы энергетика институтын инженер-электрик мамандығы бойынша 1985 жылы бітірген. Ақтөбе облыстық партия комитеті жанындағы марксизм-ленинизм университетінде, Мемлекеттік басқару дағдылары мен медиа технологиялар бойынша курстарда оқыған.
Еңбек жолын 1980 жылы Мәртөк аудандық электр торабында электромонтер болып бастаған.
1985 жылдан «Ақтөбесельмаш» зауытының инженер-конструкторы болып еңбек етті.
1986-1988 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеген.
1988-1989 жылдары «Ақтөбесельмаш» зауытының инженер-конструкторы. 1989 жылы еңбек ұжымы мен партия ұйымының ұсынысы бойынша Ақтөбе қалалық комсомол комитетіне қызметке жіберілді.
1989-1991 жылдары Ақтөбе қалалық комсомол комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, іс меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1991-1993 жылдары—республикааралық «Медицина биржасы» Бас директордың орынбасары, 1993-1997 жылдары—«ТАНУ» акционерлік қоғамы директорының коммерция жөніндегі орынбасары, 1997-1999 жылдары — « ТМК Групп » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.
1999 жылдан «Ақтөбе» сауда үйі «ПромМаркет» ЖШС бас директоры.
Өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысады. Ақтөбе қалалық мәслихатының V, VI және VII шақырылымдарының депутаты. 2022 жылдан 2023 жылдың наурызына дейін облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10, 25 және 30 жыл» медалінің, Астананың 20 жылдығы, Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл, 25 жыл, ҚР Конституциясына 25 жыл мерекелік медальдарымен, «Белсенді қызметі үшін» «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалімен, Ақтөбе қаласының 150 жылдығы төсбелгісімен марапатталған.





