Ілиясова Әсем Бақытқызы

    Депутат от партии "Акжол"

    Ілиясова Әсем Бақытқызы
    Депутат маслихата

    Ілиясова Әсем Бақытқызы

    Депутат от партии "Акжол"

    Өмірбаян

    1986 жылы 21 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2004-2008 жылдары Алматы экономика және статистика академиясында оқып, бухгалтер мамандығын алды.

    2008 жылдан 2010 жылға дейін мұнай саласы үшін каротаж көтергіштерін шығаратын республикадағы жалғыз кәсіпорын «Ақтөбежилкомплект» ЖШС-нің бухгалтері болып жұмыс істеді.

    2010 жылы жеке бизнеске ауысты. Қазақстан аумағында бірқатар итальяндық киім және басқа да люкс тауарларын өндірушілер фабрикаларының өкілдігін ашты.

    2019 жылы «Ақжол» Қазақстан Демократиялық партиясының қатарына қосылды.

    2022 жылдан әйелдер күштері Альянсының басшылығымен «Әйелдер саяси көшбасшылық мектебінің» жетекшісі.

    2023 жылы облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі болды.

    2023 жылдан мектепке дейінгі білім беру мекемесінің басшысы болып табылады.

    2020 жылдың желтоқсан айында «Ақжол» демократиялық партиясы Төралқасы атынан коронавирус пандемиясы кезіндегі жанқиярлық ерлігі мен қайырымдылығы үшін естелік медальмен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері