
Данағұлов Ербол Жеткергенұлы
№6 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Amanat" партиясы
Өмірбаян
Данағұлов Ербол Жеткергенұлы 1981 жылғы 11 шілдеде Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туған. Жоғары білімді, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «экономист-бухгалтер» мамандығы және Абай атындағы ҚазҰПУ-ды «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімінің бас маманы, ақпараттарды жинау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі ретінде бастаған (05.2003 – 03.2007);
Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округінің әкімі (03.2007 – 02.2008);
Шалқар ауданы әкімінің орынбасары, әкімі (02.2008 – 12.2012);
Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары (12.2012 – 06.2013);
Шалқар ауданының әкімі (06.2013 – 07.2016);
Мұғалжар ауданының әкімі (07.2016 – 07.2019);
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы (07.2019 – 12.2019);
«Nur Otan» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (12.2019 – 03.2022);
«AMANAT» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысы (03.2022 – 2024);
2024 жылдан бастап «AMANAT» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы.
Ақтөбе облыстық мәслихатының VII – VIII шақырылымдарының депутаты.
«Құрмет» орденімен марапатталған (2017).





