
Тілегенова Бану Жұбанғалиқызы
№12 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Amanat" партиясы
Өмірбаян
1964 жылы 23 сәуірде Ресей Федерациясының Орынбор облысы, Саракташ ауданы, Цветочное ауылында дүниеге келген.
1984 жылы Орынбор медициналық училищесін медбике мамандығы бойынша бітірді.
1981 жылдан «ГАЗПРОМ» медициналық бөлімінде, медбике, 1984-1993 жылдары Ақтөбе қаласында медбике болып жұмыс істеді.
1993 жылы Ақтөбе қаласында алғашқы дүкен ашудан кәсіпкерлікті бастады. 1997 жылы Ақтөбе қаласының тұрғындарына шаштараз қызметтерін ұсына отырып, «Бану» ЖШС-ін ашты.
2000 жылы жұбайымен бірге 50 орындық «Ұлпан» кафесі қызметін ұсынды. 2013 жылы «Зере» қонақ үй-мейрамхана кешені ашылды.
2016 – 2018 жылдары Ақтөбе қаласындағы ALMAU филиалы жанынан МВА модульдік оқытудан өтті. 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.
2017 - 2018 жылдары Мәртөк ауданы, Қазан ауылында марал шаруашылығы базасында «Зәру» пантоемдеу шипажайын ашты. Шипажай ауруханаға жатқызу бюросының порталы бойынша І, ІІ, ІІІ-топтағы мүгедектерге қызмет көрсетеді.
Мәртөк аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты. «AMANAT» партиясының Мәртөк аудандық филиалы жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы.
Ақтөбе облысының қонақ үй-мейрамхана бизнесі қауымдастығының төрайымы. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшесі. Ақтөбе қаласындағы Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының басқарма мүшесі.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қоғам игілігі үшін және Әйелдер қозғалысы идеяларын қолдағаны үшін» медалімен және «Жомарт жүрек» медалімен марапатталған. Облыс және қала әкімінің алғыс хаттарымен және грамоталарымен бірнеше рет марапатталған.





