
Төлеуова Кәмшат Шәкірбекқызы
№17 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Ауыл" партиясы
Өмірбаян
1985 жылы 8 қаңтарда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын «Шет тілдері, ағылшын және неміс тілдерінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген, сондай-ақ Қазақ-Орыс халықаралық университетін экономист мамандығы бойынша, Лондонда «master of business Administration», Германияда «master of business Administration», «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандықтары бойынша оқыды.
Еңбек жолын Ақтаудағы «ENSAI Caspian contractor» ЖШС-де аудармашы ретінде бастады. «Ақтөбе Мұнайгазснаб» ЖШС қаржы директоры болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында «Nuraly Farms» ЖШС және «Aterra» ЖШС жоба менеджері.
2013 жылы «Forbes» журналының нұсқасы бойынша «Үздік жас кәсіпкер» атанды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ақтөбе облысы әкімінің және Шалқар ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.





