
ТІЛЕУҚАБЫЛОВ ЕРЛАН РАХЫМЖАНҰЛЫ
депутат от партии «AMANAT»
Өмірбаян
ТІЛЕУҚАБЫЛОВ ЕРЛАН РАХЫМЖАНҰЛЫ
«AMANAT»партиясынандепутат
Тілеуқабылов Ерлан Рахымжанұлы 1988 жылы 6 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген.
2007 жылы М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне түсіп, 2010 жылы Қаржы мамандығы бойынша бітірді. 2010 жылы Қазақстан халықтарының достығы инженерлік-педагогикалық университетіне түсіп, 2013 жылы Құқықтану мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2013 жылы «Зерде-Автоматика» ЖШС директорының орынбасары, 2016 жылдың қаңтар – қараша аралығында осы серіктестіктің атқарушы директоры болып бастады. 2016 жылғы қарашадан 2021 жылғы мамырға дейін – «Зерде-Строй» ЖШС атқарушы директоры.
2021 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС директоры.
«AMANAT» партиясының мүшесі. 2024 жылдың наурыз айынан – Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты. Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.





