
Өмірбаян
1962 жылы 1 қарашада Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келген.
Семей жүнді-аң терісі техникумын 1983 жылы тауар танушы мамандығы бойынша бітірген.
Техникумды аяқтағаннан кейін тауар сатушы-тапсырушы, Ақтөбе БЖТ қоймасының Қазақ Тұтыну Одағының тапсыру тобының жетекшісі болып жұмыс істеді. 1991 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысты.
1993 жылы«АНВАР» ЖШС-ін құрды және бүгінгі күнге дейін аталған ЖШС-нің бас директоры.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚазақстанКонституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен және ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған, 2004 жылы «Ақтөбе облысының Жыл адамы» атағына ие болды. Сонымен қатар 2014 жылы «Алтын жүрек» сыйлығының, 2018 жылы Ақтөбе облысының «Жыл меценаты» атағының иегері атанды. Ойыл ауданының құрметті азаматы.
2023 жылы «Парасат» орденімен марапатталды.





