Қалмағанбетов Бижан Қуанышкерейұлы

    "Amanat" партиясынан депутат

    Қалмағанбетов Бижан Қуанышкерейұлы
    Депутат маслихата

    Қалмағанбетов Бижан Қуанышкерейұлы

    "Amanat" партиясынан депутат

    Өмірбаян

    1961 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында дүниеге келген.

    Атырау қаласындағы №101 кәсіптік-техникалық училищесін, Қарағанды индустриалды-педагогикалық техникумын бітірді. 1980-1982 жылдары әскери қызмет өткеріп, КСРО жоғары комсомол мектебін бітірді. «Қайнар» университетінен құқықтану мамандығын алды.

    1984-1991 жылдары №8 Ақтөбе кәсіптік-техникалық училищесінде өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істеді. 1991 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысады.

    1996-2002 жылдары «Алланды» компаниясының вице-президенті, 2006-2015 жылдары «ЗапКазСтройИнвест» ЖШС басшысы.

    2012 жылы Табылды Досымов атындағы қоғамдық республикалық қорды ашты, оның аясында сазгер-ақынның шығармашылығын дамыту бойынша үлкен белсенді жұмыс жүргізуде.

    Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Махаббат жүрегі», «Сәйгүлік өмір», «Қарлығаштың ұясы» өлеңдер жинағы жарық көрді. Өлеңдері қазақ поэзиясының «Жыр маржаны» антологиясының 10 томдық жинағына енді.

    Қазақстан Республикасы Менеджмент академиясының профессоры. Атырау облысы Индер ауданының, Қызылқоға ауданының құрметті азаматы.

    Еліміздің әлеуметтік және рухани саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының, Астана қаласы, Ақтөбе облысы және Атырау облысы әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды.

    Ғылым, мәдениет және білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Қазақстан халықтары Ассамблеясына 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Халық алғысы» мерекелік медалімен марапатталған.

    Отбасылы, бес баласы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері