
Сабыр Қайрат Қанатұлы
№4 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Amanat" партиясы
Өмірбаян
1966 жылы 7 қыркүйекте Ақтөбе облысында дүниеге келген.
1983 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем станциясының санитары болып жұмыс істеді, 1984 жылы оқуға түсіп,
1990 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын үздік бітірді.
1990-1995 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының жанындағы хирургия мамандығы бойынша клиникалық ординатурада және аспирантурада оқыды, облыстық ауруханасының хирургия бөлімшесінің ординатор дәрігері болды.
1995-1998 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина институты госпитальдық хирургия кафедрасының ассистенті, облыстық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі, 1998-2000 жылдары облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері, 2000-2003 жылдары М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының ректоры.
2003-2004 жылдары М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы факультеттік хирургия кафедрасының меңгерушісі, 2004-2014 жылдары Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2014-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, 2017-2018 жылдары «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК медициналық директоры, медицина университетінің хирургия кафедрасының профессоры, 2018 жылдан «Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы.
2018 жылдан Ақтөбе облысындағы «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ филиалының директоры.
2023 жылдан «QAMQOR» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Жоғары санатты хирург. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. ҚР клиникалық және іргелі медицина академиясының академигі.
140-тан астам ғылыми және әдістемелік еңбектердің, оның ішінде 8 өнертабыстың, 7 монографияның авторы.
Облыстың дамуына қосқан үлесі үшін медальдармен, алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.





