
Жиембаев Алтынбек Байназарұлы
№9 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Ауыл" партиясы
Өмірбаян
1975 жылы 13 сәуірде Ақтөбе облысы, Новоресей ауданы Қопа ауылында дүниеге келген.
1992 жылы Новый селосында орта мектепті бітірді. 1996 жылы Алматы дене шынықтыру институтын бітіріп, 2009 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде екінші жоғары білім алды
1996-2000 жылдары армияда болып (ЦСКА); 2001-2005 жылдары Атырау облыстық ішкі істер басқармасында қызмет атқарды.
2005-2008 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Астана-Лашын» ЖШС-да Бас директордың жабдықтау жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасады.
2008-2012 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Жастар» облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде самбодан жаттықтырушы-оқытушы, 2012-2013 жылдары дзюдодан жаттықтырушы-оқытушы, сондай-ақ дзюдодан Ақтөбе облысының аға жаттықтырушы болып жұмыс істеді.
2013 жылдан №7 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі базасында құрылған «Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-нің директоры болып жұмыс жасауда.
Отбасылы. Төрт бала тәрбиелеп отыр.
Облыста спорттың дамуына қосқан үлесі үшін медальдармен, алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.





