
Нұғманова Самал Болатқызы
«Ауыл» партиясынан депутат
Өмірбаян
Нұғманова Самал Болатқызы 1973 жылғы 13 наурызда Ақтөбе облысында туған. Жоғары білімді, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын «орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Ақтөбе облысы Қобда ауданы Булак орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған (09.1990 – 08.1992);
Қобда ауданы Пятигорск орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ақтөбе қаласындағы облыстық мектеп-интернаттың тәрбиешісі, №12 орта мектептің мұғалімі, Есет батыр атындағы облыстық әскери мектептің мұғалімі (08.1992 – 04.2004);
Ақтөбе қаласындағы «ҚР Әділет министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМК менеджері, Ақтөбе облысы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу жөніндегі тіркеуші маманы (09.2004 – 04.2008);
Ақтөбе облысы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің консультанты, операциялық зал меңгерушісі, директорының орынбасары (04.2008 – 04.2016);
Ақтөбе облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы директорының орынбасары (04.2016 – 05.2018);
Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының коммерциялық сервис басқармасының басшысы (05.2018 – 04.2020);
2020 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы директорының орынбасары.
2025 жылғы наурызда Ақтөбе облыстық мәслихатының VIII шақырылымының депутаты болып сайланды.





