
Өмірбаян
1980 жылы 20 қарашада Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласында дүниеге келген.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің экономика факультетін 2001жылы, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің құқықтану бакалавры бойынша 2007 жылы бітірді. IBCM сертификатталған жаттықтырушысы (Мәскеу қаласы, 2022 жыл).
2001 жылы «Қазтранссервис» АҚ-да тағылымдамадан өтіп, 2002-2005 жылдары – «Қуаныш» ЖШС бухгалтері болып, 2007 жылы Ақтөбе облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында, Ақтөбе қаласының прокуратурасында тағылымдамадан өтті.
2009-2013 жылдары – «Қуаныш» ЖШС бас бухгалтері, 2013 жылдан – «Қуаныш» ЖШС директорының орынбасары («Қуаныш» клиникасы).
Ұйымдастырушылық және көшбасшылық дағдылары бар.
2015-2021 жылдары — «Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» ҚҚ мүшесі, 2021 жылдан – осы қауымдастық ҚҚ басқарма мүшесі.
Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласы әкімдігінің алғыс хаттарымен марапатталған.





