Қалдығұлов Самат Рейұлы

    №11 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Ауыл"

    Қалдығұлов Самат Рейұлы
    Депутат маслихата

    Қалдығұлов Самат Рейұлы

    №11 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Ауыл"

    Өмірбаян

    1961 жылы 12 сәуірде Ақтөбе облысының Алға ауданы Амангелді селосында дүниеге келген.

    Еңбек жолын көлік жүргізушісі болып Амангелді селосында бастаған.

    1979-1981 жылдары Кеңес армиясы қатарындағы борышын Венгр жерінде өтеген.

    1981-1987 жылдары — Ақтөбе қаласындағы өндірістік дайындау мекемесінде қабылдаушы, 1987-1993 жылдары — «ҚазБілімЖабдықтау» бірлестігінде директордың орынбасары қызметін атқарған.

    1993 жылы «Рей» өндірістік кооперативін құрып, 1997 жылға дейін оның директоры болып еңбек еткен.

    1997 жылы Алға ауданында «Рейімқұл» шаруа қожалығын құрып, осы кезге дейін аталған шаруашылықтың басшысы болып келеді. Осы жылдар ішінде оның жетекшілігімен Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округінде «Құмсай» шаруа қожалығы және Мәртөк ауданы Жайсаң ауылында «Жайсаң» шаруа қожалығы құрылды. 2016 жылы бұқтырылған ет өнімін дайындау цехы іске қосылды. Цехта тәулігіне 48000 банка бұқтырылған ет өнімін дайындап шығу мүмкіндігі бар. 2018 жылы «Туған елге тағзым» жобасы бойынша Амангелді ауылында мәдени-сауықтыру орталығы ашылды.

    ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен, «Тыңға - 50 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған, Алға ауданының «Жыл адамы-2016» атағымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Жомарт жүрек» сыйлығымен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері