
Өмірбаян
1981 жылы Қобда ауданы Ново-Алексеевка ауылында (қазіргі Қобда ауылы) дүниеге келген. Білімі жоғары, ғылыми дәрежесі - өнер магистрі.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінiң филология (1998-2002) және заң (2002-2005) факультеттерін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы «Актюбинский вестник» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі болып бастаған. 2005 жылы сол басылымның ақпарат бөлімінің меңгерушісі болды. 2008 жылы «Актюбинский вестник» облыстық қоғамдық-саяси газетінің редакторы болып тағайындалды. 2022 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Ақтөбе Медиа» ЖШС директорының орынбасары.
«Ақтөбе облысының жыл адамы-2010» атағына ие.
2011 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
«Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2017 жылы Ньюкасл университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын «Медиа және журналистика» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді.





