
Ізбасов Боран Оңғарұлы
№14 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Amanat" партиясы
Өмірбаян
1957 жылы 1 наурызда Ақтөбе облысы, Темір ауданы Шұбарқұдық станциясында дүниеге келген. 1981 жылы Алматы құрылыс техникумын газ шаруашылығының технигі мамандығы бойынша және 2005 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын жылу энергетикасы инженері мамандығы бойынша аяқтады.
1974-1975 жылдары Шұбарқұдық кентінде автобазада жүргізуші болып еңбек етті. 1975-1977 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери міндетін атқарды.
1977-1978 жылдары Темір аудандық прокуратурасында жүргізуші болып, 1981-1985 жылдары аудандық ішкі істер бөлімінде инспектор, 1985-2006 жылдары аудандық газ шаруашылығы мекемесінің бас инженері, мекеме басшысы қызметтерін атқарды.
2006-2011 жылдары Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі, 2011-2016 жылдары Темір ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет істеді.
2016-2021 жылдарыы Темір ауданының мәслихат хатшысы қызметінде болды.
Темір аудандық мәслихатының III, IV, VI шақырылым депутаты.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10, 20, 30 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20, 25 жыл », «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20, 25 жыл», «20 жыл Астана» ,«Невада-Семей» 30 жыл» мерекелік медальдарының, «Үздік мәслихат хатшысы» төс белгісінің, «Темір ауданына сіңірген ерекше еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарының, ҚР Сенатының және ҚР Мұнай және газ министрінің Құрмет грамотасының иегері.
Темір ауданының 1999 және 2011 жылдары «Жыл адамы», «Темір ауданының Құрметті азаматы», «Қазақ Газ» АҚ Құрметті ардагері атағының иегері.





