
Молдашев Дәурен Хайреденұлы
№16 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Amanat" партиясы
Өмірбаян
1965 жылы Орынбор облысы Ақбұлақ ауданының Ақоба селосында дүниеге келген. 1983 жылы Орынбор педагогикалық училищесін «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 1983-1985 жылдары Кеңес әскері қатарында борышын өтеді. 1986-1992 жылдары Хромтау қаласындағы №2 орта мектебінде әскери жетекші болып, кейін мектеп директоры лауазымына тағайындалады.
Одан кейін басшылық қызметтерін атқарады: аудандық спорт, дене шынықтыру және туризм комитетінің төрағасы, Хромтау ауданы әкімі аппаратында ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, №4 кәсіптік-техникалық лицейдің директоры болды.
Өндірістен қол үзбей екі жоғары білім алған. 1991 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының «Дене тәрбиесі» факультетін, 2007 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінен «Мемлекеттік басқару» бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесін алып шықты.
2003 жылы Хромтау ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 2007 жылдан 2023 жылға дейін ІV, V, VІ және VII шақырылымда Хромтау аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды. «Amanat» партиясының мүшесі.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» және «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Құрмет Грамотасымен марапатталған.
Отбасылы. Екі баласы бар.





