
Өмірбаян
1966 жылы 9 қарашада Ақтөбе облысы Хромтау ауданында дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын педиатрия, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін психолог мамандығы бойынша бітірген. Қазақ-Ресей халықаралық университетінен құқықтану мамандығы бойынша заң магистрі дәрежесін алды.
Медицина ғылымдарының кандидаты, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының Халықаралық ғалымдар, оқытушылар және мамандар қауымдастығы Төралқасының шешімімен академиялық атақ берілді, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры.
1991 жылдан Новоресей аудандық ауруханасының дәрігер-ординаторы, 1992 жылдан Ақтөбе аудандық ауруханасының учаскелік педиатр дәрігері, 1993 жылдан Ақтөбе облыстық ауруханасында бас дәрігердің медициналық көмек көрсету жөніндегі орынбасары болды.
1996-2007 жылдары «Ақбөбек» оңалту орталығының директоры, 2007- 2014 жылдары – «Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2014-2015 жылдары – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде мектепке дейінгі және арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушысы.
2014 -2018 жылдары «Ақбөбек оңалту орталығы» ЖШС құрылтайшысы, 2018-2019 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылдан – «Ақбөбек оңалту орталығы» ЖШС құрылтайшысы және бас директоры.
Қоғамдық қызметтерге белсене араласады. «Ақтөбе» облыстық балалар қорының атқарушы директоры, «Атамекен» ҚР ҰКП Ақтөбе облысы Іскер әйелдер өңірлік кеңесінің төрағасы болды.
Облыстың дамуына қосқан үлесі үшін медальдармен, алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.





