
Сансызбай Фархат Сарсенбайұлы
№7 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Ақжол" партиясы
Өмірбаян
1986 жылы 19 қыркүйекте Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген 2009 жылы, Тілдер және іскерлік мансап университеті магистратурасын «Дінтану» мамандығы бойынша 2017 жылы бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстан темір жолы» АҚ вагондарды жөндеу бойынша слесарь болып бастаған. 2015 жылдан — «ВКДиД» ЖШС-де құрылыс учаскесінің шебері, 2016 жылдан «Защита KZ» ЖШС компаниясының директоры.
Өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады.
2018 жылдан бастап Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Экология, жер қойнауын пайдалану, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс жөніндегі Қоғамдық кеңес комиссиясының төрағасы.
«Құрмет» орденімен, «Азаматтық қорғаныс жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.
Ақтөбе облысының «Көкпар» федерациясының президенті. Оның басшылығымен ауылдық жерлерде ұлттық спорт түрлеріне қолдау көрсетіледі. Ұлттық спорт түрлері бойынша тек ауыл жастарын тарта отырып, облыстық және аудандық турнирлер үнемі өткізіліп тұрады. Бестен астам аудандық команда құрылды, спортшылар жаттығу және қайырымдылық негізде турнирлерге қатысу үшін арнайы спорттық киіммен, атпен қамтамасыз етілді.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.





