Прокопьев Сергей Леонидович

    "Amanat" партиясынан депутат

    Прокопьев Сергей Леонидович
    Депутат маслихата

    Прокопьев Сергей Леонидович

    "Amanat" партиясынан депутат

    Өмірбаян

    Прокопьев Сергей Леонидович 1984 жылы 20 қаңтарда дүниеге келген. Білімі-жоғары, 2006 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Қара және түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын «Қара және түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі – «Іскерлік әкімшілендіру шебері 2015 жылы Мәскеу қаласының EY Бизнес Академиясында «Қаржы емес менеджерлерге арналған қаржы I: есеп, талдау, бюджет» бағыты бойынша оқыды.

    2002 жылы Ақсу ферроқорытпа зауытының №1 балқыту цехында горнов болып жұмыс істей бастады. 2007 жылы сол бөлімшенің аға шебері болып тағайындалды. 2010 жылы Ақсу ферроқорытпа зауытының №1 балқыту цехын басқарды. 2013 жылы Компания басшылығының шешімімен кәсіпорынның өндірістік-техникалық басқармасын басқарды. Бір жылдан кейін, 2014 жылы Ақсу ферроқорытпа зауытын басқарды.

    2021 жылғы сәуірден бастап Сергей Прокопьев «Қазхром» ТҰК АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті, 2022 жылғы қыркүйектен бастап «Қазхром» ТҰК АҚ президенті болып жұмыс істейді. Әлеуметтік мәселелерге, ұрпақтар сабақтастығына, кадрлар даярлауға, жастармен жұмыс істеуге үлкен көңіл бөледі.

    «AMANAT» партиясының мүшесі. 2023 жылдың наурыз айынан – Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты. Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    Мемлекет басшысының алғыс хаттарымен (2015, 2016, 2019 жж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2016 ж.) және басқа да көптеген қоғамдық және кәсіби қызметі үшін құрмет белгілерімен марапатталған. Белсенді өмірлік ұстанымының, адамдарға бей-жай қарамауының арқасында Ақсу қаласы әкімінің «Адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен батылдық пен батырлық үшін» грамотасымен марапатталды (2014 ж).

    Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері