
Өмірбаян
1961 жылы 1 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің экономика және менеджмент факультетін бітірген. 1978 жылы Ақтөбе хром қосындылары зауытының энергия цехында слесарь болып еңбек жолын бастады. Аппаратшы, ауысым шебері, 4-цех бөлімшесінің бастығы, зауыт жабдықтары бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді, содан кейін бірнеше жыл бойы химия зауытының жинақтау бөлімінің жетекші инженері қызметін атқарды.
1998 жылдан әртүрлі коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2000 жылдан «Динар-Электромаш» ЖШС-нің тең құрылтайшысы және тұрақты іс басқарушысы. 2005 жылдан – «Энергиякомплект» ЖШС-нің тең құрылтайшысы, 2007 жылдан – «Энерго-Дин» ЖШС-нің тең құрылтайшысы, 2007 жылдан – «ТД Энергия» ЖШС-нің тең құрылтайшысы, 2010 жылдан – «Энергия» ШҚ құрылтайшысы (Алға ауданының аумағында «Ауылды жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы мақсатында).
Ақтөбе облыстық мәслихатының VI, VII және VIII-шақырылымдарының депутаты. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Ақтөбе облысы бойынша ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы. Әулие Николай кафедралық соборының Қамқоршылар кеңесінің мүшесі.
Ол негізін қалаған барлық кәсіпорындар қайырымдылық жұмыстарына белсенді қатысады, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мен тыл еңбеккерлеріне, жергілікті соғыстарға қатысушыларға, жетім балаларға, спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетіп отырады.
2006-2008 жылдары Ақтөбе қаласындағы Әулие Николай кафедралық соборының құрылысына және абаттандырылуына белсенді қатысты. Қазақстандық қоғамның рухани өміріне белсенді қатысқаны және қайырымдылық қызметі үшін Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархының Жарлығымен 2010 жылы оған III дәрежелі Әулие князь Мәскеулік Даниел ордені табысталды.
«Құрмет» орденімен, «Алғыс», «Қазақстан Ұлттық ұланының ХХ жылдығы», «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен марапатталған.
Оған «Ел бірлігі», «Ақтөбе облысының Жыл адамы» номинациялары бойынша Қазақстанның патриоты атағы берілді. ҚР Президентінің «Қайырымдылықты дамытуға және Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін» алғысы бар. Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы.
Отбасылы, жұбайымен ұл, қыз тәрбиелеген, үш немересі бар.





