Масалимова Күлшат Қабылбекқызы

    "Amanat" партиясынан депутат

    Масалимова Күлшат Қабылбекқызы
    Депутат маслихата

    Масалимова Күлшат Қабылбекқызы

    "Amanat" партиясынан депутат

    Өмірбаян

    1973 жылы 9 шілдеде Алматы облысы Үштөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2005 жылы Қазақстан экономика және құқық институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1999 жылы «LLP Corporate Cuisine» тамақтану және мекенжай бойынша үйлестіруші болып бастады. 2005-2009 жылдары «Aspava» ЖШС, 2009-2016 жылдары — «Taksim Asia» ЖШС директоры. 2016 жылдан — «Корпорация» МК» ЖШС құрылтайшысы.

    «Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының іскер әйелдер қауымдастығы» ҚҚ төрағасы, «Қолғанат Ақтөбе» ҚҚ президенті, Ақтөбе облысының саясаткер әйелдер клубының мүшесі, Қазақстан әйелдер күштері Альянсы төрағасының орынбасары, өңірлік брендті айқындау жөніндегі сараптамалық кеңестің мүшесі.

    «AMANAT» партиясының мүшесі. VI сайланған Ақтөбе қаласы мәслихатының депутаты. Облыстық мәслихаттың VII және VIII шақырылымдарының депутаты. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    Қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерін меңгерген.

    Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласындағы белсенді қоғамдық қызметі үшін «Құрмет» орденімен, алғыс хаттармен, грамоталармен марапатталған, «2019 — Жылы Адамы» атағына ие, «Аманат» сыйлығымен, COVID-2019-ға қарсы күрестегі үлесі үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері