
Сисенбаев Естай Ибрагимұлы
№15 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, "Amanat"партиясы
Өмірбаян
1978 жылы 17 маусымда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында дүниеге келген. 1997-2002 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде оқып, «Қаржы және несие» мамандығын алды.
1997 жылдан 2003 жылға дейін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы жанындағы «Ақтөбэнергонефть» басқармасының қазандық жабдықтары бойынша слесары, су сорғыларына арналған машинаның жүргізушісі болып жұмыс істеді.
2003 жылдан 2006 жылға дейін «АСБИ» ЖШС жабдықтау бөлімінің қызметкері, бөлім басшысы.
2006 жылдан 2009 жылға дейін «Спектр-продукт» ЖШС, «Бас Сардар» ЖШС бас директоры.
2009 жылы «СтройгазСервис – Ақтөбе» компаниясының басшысы қызметін атқарды.
2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін «BazisGroup KZ» ЖШС құрылтайшысы болып табылады.
Ақтөбе облыстық мәслихатының VII шақырылым депутаты. Әр жылдары Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және облыс әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталған. 2017 жылы Мәртөк ауданының «Жыл адамы» атанды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медальмен және 2022 жылы «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.





