Қызметкерлер — Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

    Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Омархан Жанжігіт Абзалбекұлы
    Басқарма басшысы

    Омархан Жанжігіт Абзалбекұлы

    Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы

    Жанжігіт Абзалбекұлы Омархан 1988 жылы 4 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Үштөбе ауылында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Журналистика», «Құқықтану» мамандығы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмәмдап, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Әлеуметтік ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі берілген.

    Мұстафин Бауыржан Мәулітғазыұлы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Мұстафин Бауыржан Мәулітғазыұлы

    Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары

    Бауыржан Мәулітғазыұлы Мұстафин 1986 жылы 23 сәуірде Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдап, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» мамандығы бойынша академиялық дәрежесі берілген.

    Архив ісіТарих және мәдениет ескерткіштері
    Соғымбай Олжас Амангелдіұлы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Соғымбай Олжас Амангелдіұлы

    Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары

    Олжас Амангелдіұлы Соғымбай 1990 жылы 19 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қарабұта ауылында дүниеге келген. Бизнес және сервис колледжін «Мемлекеттік тілде іс жүргізуші және мұрағаттанушы» мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару ісі» мамандығы бойынша тәмәмдаған, гуманитарлық ғылымдар магистрі.

    КітапханаларМузейлерТеатрОномастика және терминология бойынша сұрақтар

    Бөлім

    4
    Куангалиева Анар Ахметқалиқызы
    Бөлім басшысы

    Куангалиева Анар Ахметқалиқызы

    Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы

    Анар Ахметқалиқызы Қуанғалиева 1981 жылы 20 шілдеде Аягөз қаласында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Ағылшын-неміс тілінің оқытушысы» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын тәмәмдап, Австрия елі Вена қаласындағы Join Vienna Institute (JVI) институтында «Diversity and Inclusion» курсын аяқтаған. Бизнес және басқару магистрі.

    КітапханаларМузейлерТеатр
    Байжұманова Әйгерім Нұроллақызы
    Бөлім басшысы

    Байжұманова Әйгерім Нұроллақызы

    Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы

    Әйгерім Нұроллақызы Байжұманова 1983 жылы 8 қыркүйекте Семей облысы Ақсуат ауданы Қызылкесік ауылында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі және әдебиет, шет тілі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

    Ономастика және терминология бойынша сұрақтарТілдерді дамыту
    Жарасқұлов Жігер Еңбекұлы
    Бөлім басшысы

    Жарасқұлов Жігер Еңбекұлы

    Тарихи-мәдени мұраны қорғау, архив ісі және құжаттама бөлімінің басшысы

    Жігер Еңбекұлы Жарасқұлов 1988 жылы 10 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

    Архив ісіТарих және мәдениет ескерткіштері
    Базарова Гүлбану Айполатқызы
    Бөлім басшысы

    Базарова Гүлбану Айполатқызы

    Жоспарлау, бухгалтерлік есеп және шығармашылық тапсырыс бөлімінің басшысы

    Гүлбану Айполатқызы Базарова 1987 жылғы 27 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Абай кентінде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес факультетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмәмдап, Қытай Халық Республикасында Ланьчжоу педагогикалық университетінде тілдік курстар мамандығы бойынша білім алған.

    Басқа қызметкерлер

    19
    Соловьёва Ирина Анатольевна
    Директор

    Соловьёва Ирина Анатольевна

    Директор

    1970 жылғы 3 тамызда Семей қаласында дүниеге келген. Білімі: 1998 жылы Семей мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетін «педагог-психолог» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы М. Әуезов атындағы университеттің филология факультетін «орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітірген.

    Стромская Татьяна Александровна
    Директор

    Стромская Татьяна Александровна

    Директор

    Стромская Татьяна Александровна, 1945 жылғы 12 мамырда Приморье өлкесінің Шкотов ауданында әскери қызметші отбасында дүниеге келді. 1952 жылы Калининград облысының Чкаловск қаласындағы орта мектепке оқуға түсті. 1959 жылы отбасымыз Кемерово облысының Новокузнецк қаласына тұрақты тұруға көшіп барды. Сол қалада 1962 жылы орта мектепті тәмамдады. 1963 жылы Ленинград қаласындағы КСРО Көркемсурет академиясының И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтының өнертану бөліміне оқуға түсіп, оны 1969 жылы тәмамдады.

    Ақжасарова Құралай Қонысбекқызы
    Директор

    Ақжасарова Құралай Қонысбекқызы

    Директор

    Ақжасарова Құралай Қонысбекқызы 1976 жылы бұрынғы Семей облысы , Ақсуат ауылында туған. 1983-1993 ж.ж. № 1 Ақсуат орта мектебінде оқыған. 1994 жылы Әл – Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтына түскен. 1998 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін оқуын тәмәмдаған.

    Сарсебаев Нартай Сауданбекұлы
    Директор

    Сарсебаев Нартай Сауданбекұлы

    Директор

    Нартай Сауданбекұлы 1977 жылы 22 қарашада, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келген. 1994ж. – 1998ж. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «театр өнері» факультетінің, театр және кино актері мамандығы бойынша, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткері, білім беру саласының құрметті профессоры Нұрқанат Жақыпбаевтың шеберханасын аяқтаған.

    Қарт Мерей Мейіртайұлы
    Директор

    Қарт Мерей Мейіртайұлы

    Директор

    Мерей Қарт – қазіргі қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған ақын, драматург, филология ғылымдарының магистрі, қоғам қайраткері. Ол 1989 жылдың 4 желтоқсанында қазіргі Абай облысы, Ақсуат ауданының Үштөбе ауылында дүниеге келген. Алғашқы білімін туған өлкесінде алып, кейін Алматы қаласындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатта білімін жалғастырды. Бұл білім ордасы оның әдебиетке деген құштарлығын шыңдап, шығармашылық жолына берік негіз қалады.

    Султанов Ерлан Маратұлы
    Директор

    Султанов Ерлан Маратұлы

    Директор

    Сұлтанов Ерлан Маратұлы Семей қаласындағы М.О. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжін 1996 жылы бітіріп, Абай ауданы, Медеу ауылында, Медеу орта мектебінде оқытушы болып жұмысқа қабылданды. 2001 жылы Абай аудандық білім беру бөлімінің жетекші маманы болып қызмет атқарды. 2004 жылы М.О. Әуезов атындағы Семей университетінің «Тарих» мамандығын аяқтады.

    Оспанова Әлем Игентайқызы
    Директор

    Оспанова Әлем Игентайқызы

    Директор

    1962 жылғы 26 мамырда Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. 1981-1983 жылдары «товаровед» мамандығы бойынша Семей сауда техникумында білім алған. 2008 жылы М.Әуезов атындағы Семей университетін «есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2019 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған, білімі — жоғары.

    Куренкеев Қанағат Селеубайұлы
    Директор

    Куренкеев Қанағат Селеубайұлы

    Директор

    1973 жылғы 27 қыркүйекте Семей облысы Аягөз ауданы Мын-Бұлақ ауылында дүниеге келген. 1980–1990 жылдары Мын-Бұлақ орта мектебін бітірген. 1990–1995 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «мұрағаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған, білімі — жоғары.

    Туктыбаев Адыльбек Таканович
    Директор

    Туктыбаев Адыльбек Таканович

    Директор

    1964 жылғы 19 наурызда Павлодар облысы Ермаков ауданы Майск ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Семей ет-сүт өнеркәсібі технологиялық институтын «Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша тәмамдаған, білімі — жоғары.

    Құдайбергенов Айдын Еркинович
    Директор

    Құдайбергенов Айдын Еркинович

    Директор

    1977 жылғы 17 желтоқсанда Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Шәкәрім атындағы СМУ «Семей» «архивтану» мамандығы бойынша тәмамдаған, білімі — жоғары. 2001 жылы ҚазМЮА «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген, білімі — жоғары.

    Рахимов Бекқазы Айтказынович
    Директор

    Рахимов Бекқазы Айтказынович

    Директор

    1975 жылғы 11 тамызда Қазақ КСР Семей облысы Жарма ауданы Жінішке ауылында дүниеге келген. 1998 жылы «Семей» университетін «ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы Талдықорған заң колледжін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. 2011 жылы «Қайнар» университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған, білімі — жоғары.

    Алгазинова Калия Мауткановна
    Директор

    Алгазинова Калия Мауткановна

    Директор

    1972 жылғы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Биғаш ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Шығыс Қазақстан университетін «тарихшы-оқытушы» мамандығы бойынша тәмамдаған, білімі — жоғары.

    Зейнелгабиденов Канатбек Зейнелгабиденұлы
    Директор

    Зейнелгабиденов Канатбек Зейнелгабиденұлы

    Директор

    1977 жылғы 2 шілдеде Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1994–1998 жылдары «журналистика» мамандығы бойынша Алматы халықаралық журналистика институтында білім алды. 2012 жылы Қазақ инновациялық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған, білімі — жоғары.

    Мурзабекова Кульгайча Кабденовна
    Директор

    Мурзабекова Кульгайча Кабденовна

    Директор

    1967 жылғы 8 қаңтарда Семей облысы Үржар ауданы Үржар ауылында дүниеге келген. 1988 жылы «Қазақстан тұтынушылар одағының Семейдегі аң терісі-мех техникумын» «бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Семей қаласынан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша қосымша жоғары білім алған.

    Кенжебекұлы Қуандық
    Директор

    Кенжебекұлы Қуандық

    Директор

    Туған жері : Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылы 1995 ж 01 қаңтарда дүниеге келген. Мамандығы: 2018 жылы 04 мамырда – Семей қаласының КазГИЮУ 5В011700 «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығын бітірді.