
Рахимов Бекқазы Айтказынович
Директор
Өмірбаян
1975 жылғы 11 тамызда Қазақ КСР Семей облысы Жарма ауданы Жінішке ауылында дүниеге келген.
1998 жылы «Семей» университетін «ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы Талдықорған заң колледжін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. 2011 жылы «Қайнар» университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған, білімі — жоғары.
Еңбек жолын 1991 жылғы 20 мамырда Жінішке ауылындағы «Жангизтобинский» кеңшарында шопанның көмекшісі болып бастап, 1993 жылғы 1 қыркүйекке дейін еңбек еткен.
2000 жылғы 23 наурыздан 2003 жылғы 17 наурызға дейін Георгиевка ауылындағы Жарма ауданының халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде жүргізуші болып жұмыс істеген.
2003 жылғы 17 наурыздан 2004 жылғы 26 қаңтарға дейін Георгиевка ауылындағы Жарма ауданының халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарған.
2004 жылғы 25 мамырдан 2009 жылғы 11 тамызға дейін Георгиевка ауылындағы Жарма ауданының Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында аға маман болып жұмыс істеген.
2009 жылғы 11 тамыздан 2010 жылғы 3 тамызға дейін Георгиевка ауылындағы Жарма ауданының Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында маман қызметін атқарған.
2010 жылғы 2 тамыздан 14 қазанға дейін Калбатау ауылындағы «Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының мемлекеттік архиві» директорының міндетін уақытша атқарған.
2010 жылғы 14 қазаннан 2013 жылғы 25 ақпанға дейін «Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының мемлекеттік архиві» директоры болып қызмет атқарған.
2013 жылғы 25 ақпаннан 2020 жылғы 2 қарашаға дейін Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ Жарма филиалының директоры қызметін атқарған.
2020 жылғы 2 қарашадан 2022 жылғы 30 маусымға дейін Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ Жарма филиалының директоры болып жұмыс істеген.
2022 жылғы 1 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін КММ «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» Жарма филиалының директоры болып қызмет атқарып келеді. Филиал қайта атаудан өткеннен кейін Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ Жарма филиалы болып өзгертілді.





