Алгазинова Калия Мауткановна

    Директор

    Өмірбаян

    1972 жылғы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Биғаш ауылында дүниеге келген.

    1996 жылы Шығыс Қазақстан университетін «тарихшы-оқытушы» мамандығы бойынша тәмамдаған, білімі — жоғары.

    1990 жылғы 1 қазаннан 1992 жылғы 25 тамызға дейін Шұғылбай ауылындағы Жансүгіров атындағы орта мектепте тәлімгер болып жұмыс істеген.

    1992 жылғы 1 қыркүйектен 1994 жылғы 25 тамызға дейін Көкпекті ауылындағы Шайжунусов атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарған.

    1994 жылғы 1 қыркүйектен 1996 жылғы 27 тамызға дейін Шұғылбай ауылындағы Жансүгіров атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

    1996 жылғы 1 қыркүйектен 1998 жылғы 25 тамызға дейін Көкпекті ауылындағы Көкпекті орта мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі қызметін атқарған.

    1998 жылғы 1 қыркүйектен 2008 жылғы 12 қаңтарға дейін Көкпекті ауылындағы Шайжунусов атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен. 2006 жылы осы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін қоса атқарған.

    2008 жылғы 12 қаңтардан 2011 жылғы 14 шілдеге дейін Көкпекті ауданының білім беру бөлімінде бала құқықтарын қорғау жөніндегі әдіскер болып жұмыс істеген.

    2011 жылғы 14 шілдеден 2013 жылғы 29 сәуірге дейін Көкпекті ауылындағы «Балауса-Көкпекті» спорттық-сауықтыру кешені» КМҚК директоры қызметін атқарған.

    2013 жылғы 29 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Көкпекті ауданының мемлекеттік архиві» КММ директоры болып қызмет атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері