Кенжебекұлы Қуандық

    Директор

    Өмірбаян

    Туған жері: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылы 1995 ж 01 қаңтарда дүниеге келген.

    Мамандығы: 2018 жылы 04 мамырда – Семей қаласының КазГИЮУ 5В011700 «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығын бітірді.

    Қызмет жолы:

    • 2020 жылы «Абай атындағы ШҚО әмбебап кітапханасы» КММ-нің мұрағат және құжаттама бөліміне жұмысқа қабылданды;
    • 2023 жылы Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы» КМҚК-не концерттер мен гастрольдерді ұйымдастыру бөліміне басшы лауазымына қабылданды;
    • 2024 жылдан бастап «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-не қарасты «Абай облысының лингвистикалық орталығы» КММ директоры лауазымында қызмет атқарып келеді.

    Негізгі мақсаты: Орталық басшысы ретінде Семей қаласы мен Абай облысында мемлекеттік тілді дамыту, тіл саясатын жүргізу және оқыту курстарын ұйымдастыру ісімен айналысады.

    Тұрғылықты жері: Қазіргі уақытта Семей қаласында тұрады және жұмыс істейді.

    Шығармашылығы мен жетістіктері: Халықаралық және республикалық жас ақындар айтысының бірнеше дүркін жүлдегері. Абай облысының намысын республикалық айтыстарда қорғайтын белгілі ақындардың қатарында. Сөз өнерімен қатар, ұлттық құндылықтарды насихаттаушы.

    Марапаттары мен жүлделері:

    - «Жеті қазына» телевизиялық мега жобасының, дәстүрлі халықаралық «Менің пірім – Сүйінбай» жастар айтысының, телевизиялық «Біржан-Сара ізімен» атты қыз бен жігіт айтысының, сондай-ақ республикалық, аймақтық және облыстық айтыстардың жүлдегері.

    Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Адамзаттың Абайы» атты республикалық ақындар айтысында арнайы жүлдеге ие болды. Биылғы жылы наурыз айында өткен дәстүрлі облыстық «Наурыз нақыштары» айтысында Бас жүлдені жеңіп алды .

    • ҚР кәсіподақ саласының 30 жылдығына арналған «Кәсіподақ күші – бірлікте» эстафеталық челленджі аясындағы аймақтық форумда «Салалық кәсіподаққа 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері