
Директор
Куренкеев Қанағат Селеубайұлы
Директор
Өмірбаян
1973 жылғы 27 қыркүйекте Семей облысы Аягөз ауданы Мын-Бұлақ ауылында дүниеге келген.
1980–1990 жылдары Мын-Бұлақ орта мектебін бітірген. 1990–1995 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «мұрағаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған, білімі — жоғары.
1999–2000 жылдары №41444 әскери бөлімінде әскери қызмет атқарған.
Еңбек жолын 1996 жылы «БірлікД» шаруа қожалығында бастап, 1998 жылға дейін жұмыс істеген. 2003–2010 жылдары №6 орта мектепте интернат меңгерушісі қызметін атқарған.
2013 жылғы 17 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ Аягөз филиалының директоры болып қызмет атқарып келеді.





