
Зейнелгабиденов Канатбек Зейнелгабиденұлы
Директор
Өмірбаян
1977 жылғы 2 шілдеде Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген.
1994–1998 жылдары «журналистика» мамандығы бойынша Алматы халықаралық журналистика институтында білім алды. 2012 жылы Қазақ инновациялық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған, білімі — жоғары.
2001 жылғы 13 маусымнан 2002 жылғы 25 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан шекара қызметінің №2020 әскери бөлімінде әскери қызмет атқарған.
2002 жылғы 24 қыркүйектен 2004 жылғы 30 сәуірге дейін аудандық мәдениет және спорт бөлімінің орталықтандырылған клуб жүйесінде спорт істерін ұйымдастырушы болып жұмыс істеген.
2004 жылғы 30 сәуірден 2005 жылғы 4 ақпанға дейін Тарбағатай аудандық спорт және туризм бөлімінде жетекші маман қызметін атқарған.
2005 жылғы 18 ақпаннан 2005 жылғы 15 шілдеге дейін Ақсуат ауылдық округі әкімінің әскери есеп столының инспекторы болып жұмыс істеген.
2005 жылғы 15 шілдеден 2006 жылғы 28 сәуірге дейін Тарбағатай аудандық ішкі саясат бөлімінде инспектор қызметін атқарған.
2006 жылғы 28 сәуірден 2007 жылғы 9 қарашаға дейін Тарбағатай аудандық ішкі саясат бөлімінде жетекші маман болып жұмыс істеген.
2007 жылғы 9 қарашадан 2008 жылғы 16 мамырға дейін Тарбағатай аудандық ішкі саясат бөлімінің қоғамдық ұйымдармен жұмыс және жастар саясаты бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
2008 жылғы 16 мамырдан 2008 жылғы 4 желтоқсанға дейін аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман болып жұмыс істеген.
2008 жылғы 4 желтоқсаннан 2021 жылғы 29 шілдеге дейін Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Тарбағатай аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет атқарған.
2024 жылғы 4 қаңтардан 2024 жылғы 5 шілдеге дейін «Ақсуат колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде лаборант қызметін атқарған.
2024 жылғы 9 шілдеден бастап Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Ақсуат ауданының мемлекеттік архиві» КММ директоры қызметін атқарып келеді.





