Мусин Болат Темергалиевич

    Директор

    Өмірбаян

    1963 жылы Семей облысы Бесқарағай ауданы Жаңа көш ауылында дүниеге келген.

    Қиыр Шығыста, Хабаровск қаласында Кеңес Армиясы қатарында қызмет еткен.

    Еңбек жолын 1985 жылы Семей қаласындағы ауыл - құрылыс комбинатында бетоншы болып бастаған.

    1988-1990 жылдар аралығында Семей қаласындағы ЛКЖО қалалық комитетінің геологиялық - барлау техникумы комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс жасады.

    1991 жылы Семей қаласы Н.Крупская атындағы педагогикалық инситутты, тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы , білімі - жоғары.

    1992 жылы облыстық балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілерінің одағында, Семей қаласында басқарма төрағасының орынбасары болды.

    1994-2014 жылдары Семей қаласы әкімінің аппаратында жалпы бөлімнің бас маманы, «Семей қаласы әкімінің істері басқармасы» ММ бас маманы, Қаржы шаруашылық бөлімінің бас маманы, бұдан әрі кеңсе бастығы, Семей қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

    2014-2016 жылдары ШҚО Курчатов қаласының өнеркәсіп және туризм кәсіпкерлік бөлімі ММ басшысы болды.

    2016-2018 жылдары Семей қаласында, «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары, бұдан әрі мониторинг және мемлекеттік қызметтер секторының меңгерушісі болып жұмыс жасады.

    2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ директоры болып қызмет атқаруда.

    Жұмыс барысында ғылым және жоғары білім министрінің, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің алғыс хаттарымен, Абай облысының әкімінің алғыс хатымен және Семей қаласы әкімінің мақтау қағазымен марапатталды.

    Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағынан «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері