
Соғымбай Олжас Амангелдіұлы
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Олжас Амангелдіұлы Соғымбай 1990 жылы 19 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қарабұта ауылында дүниеге келген.
Бизнес және сервис колледжін «Мемлекеттік тілде іс жүргізуші және мұрағаттанушы» мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару ісі» мамандығы бойынша тәмәмдаған, гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Еңбек жолын Бизнес және сервис колледжінде «Жастар ісі жөніндегі комитеттің» төрағасы болып бастаған.
Әр жылдары түрлі лауазымдарда Абай атындағы музыкалық драма театрында бөлім меңгерушісі, «Тілдерді оқыту» КМҚМ директоры, «Семей қаласы Жастар ресурсы орталығы» КММ директоры, Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының және этносаралық қатынастар мониторингі бөлімінің бөлім басшысы болып қызмет атқарған.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Мақаншы ауданы әкімінің орынбасары болды.
2025 жылдың 16 сәуірінен бастап Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.

