
Мұстафин Бауыржан Мәулітғазыұлы
Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Бауыржан Мәулітғазыұлы Мұстафин 1986 жылы 23 сәуірде Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдап, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» мамандығы бойынша академиялық дәрежесі берілген.
Еңбек жолын 2007 жылы «Семмикс» ЖШС материалдық бухгалтер болып бастаған.
Әр жылдары түрлі лауазымдарда «Экономика және қаржы» колледжінде оқытушы, Семей қаласындағы «Центркредит банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ филиалында несиелендіру бөлімінің бас маманы, «СДЕ» ӨК төраға көмекшісі болып қызмет атқарған.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Абай атындағы әмбебап кітапхана» КММ директорының орынбасары болды.
2025 жылдың 10 сәуірінде Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.

