
Омархан Жанжігіт Абзалбекұлы
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы
Өмірбаян
Жанжігіт Абзалбекұлы Омархан 1988 жылы 4 сәуірде Шығыс - Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Үштөбе ауылында дүниеге келген.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Журналистика», «Құқықтану» мамандығы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмәмдап, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Әлеуметтік ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі берілген.
Еңбек жолын 2009 жылы «Астана» телеарна қызметінің тілшісі репортері қызметінен бастаған.
Әр жылдары түрлі лауазымдарда Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы, көлік, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы болып қызмет атқарған.
Тағайындалғанға дейін «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметінің басшысы болды.
2025 жылдың 10 сәуірінен бастап, Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2025 жылғы 12 маусымнан бастап Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысы лауазымына бекітілді.

