Султанов Ерлан Маратұлы

    Директор

    Өмірбаян

    Сұлтанов Ерлан Маратұлы Семей қаласындағы М.О. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжін 1996 жылы бітіріп, Абай ауданы, Медеу ауылында, Медеу орта мектебінде оқытушы болып жұмысқа қабылданды.

    2001 жылы Абай аудандық білім беру бөлімінің жетекші маманы болып қызмет атқарды. 2004 жылы М.О. Әуезов атындағы Семей университетінің «Тарих» мамандығын аяқтады.

    2005 жылдың наурыз айында Абай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.

    10.10.2005 ж. - 12.01.2006 ж . аралығында Өскемен қаласының жастар саясаты, саяси партиялар байланысы, халықтық-мәдени орталықтар бөлімінің бөлім басшысы ретінде қызмет етеді. Ары қарай 2006 жылдан 2012 жылға дейін ШҚАҒПО «Дарын» Интелектуалды дарындылық лабораториясының әдіскері қызметін атқарады.

    2013 жылдың наурыз айынан 2017 жылдың қаңтар айына дейін Өскемен қаласы әкімдігінің «Өнер» мәдени-демалыс орталығының мәдени ұйымдастырушысы болып өз қызметін өте жоғары кәсіби атқарып шығады.

    2020 жылы 8 шілде айында «ШҚО мәдениет, архив және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ертіс концерт» КМҚК концерттік қызмет жөніндегі директор орынбасары болып тағайындалады.

    Айтарлықтай еңбегі бағаланып, ШҚО әкімінің, ШҚО мәдениет, архив және құжаттама басқармасының, Өскемен қаласы әкімінің, қоғамдық ұйымдардың алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталды.

    2024 жылы 8 ақпан күні «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры болып тағайындалды.

    Е. Сұлтановтың басшылығымен кәсіпорынның жеке жобалары, халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі мәдени-көпшілік концерттер, жарыстар, көрмелер, балалар мен жасөспірімдерге арналған
    іс-шаралар жоғары деңгейде өткізіліп келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері