
Байжұманова Әйгерім Нұроллақызы
Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Әйгерім Нұроллақызы Байжұманова 1983 жылы 8 қыркүйекте Семей облысы Ақсуат ауданы Қызылкесік ауылында дүниеге келген.
Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі және әдебиет, шет тілі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Семей қаласындағы № 42 мектепте балабақша тәрбиешісі болып бастаған.
Әр жылдары түрлі лауазымдарда «ШҚО Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік тілдің аудармашысы, «ШҚО Бородулиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы, Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі тілдерді дамыту секторының бас маманы болып қызмет атқарған.
Бөлім басшысы болып тағайындалғанға дейін Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мәдениет, өнер, тілдерді дамыту, ономастика бөлімінің бас маманы болып қызмет істеді.
2024 жылы 15 сәуірден бастап Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы болып тағайындалды





