Жарасқұлов Жігер Еңбекұлы

    Тарихи-мәдени мұраны қорғау, архив ісі және құжаттама бөлімінің басшысы

    Жарасқұлов Жігер Еңбекұлы
    Бөлім басшысы

    Жарасқұлов Жігер Еңбекұлы

    Тарихи-мәдени мұраны қорғау, архив ісі және құжаттама бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Жігер Еңбекұлы Жарасқұлов 1988 жылы 10 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген.

    Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

    Еңбек жолын 2011 жылы Халыққа қызмет көрсету орталығының Курчатов қаласындағы бөлімінде инспектор лауазымынан бастаған.

    Әр жылдары түрлі лауазымдарда Семей қаласындағы «Темiрбанк» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Халык Life» АҚ филиалдарында менеджер, «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің кеңесшісі, Абай облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру және бақылау-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.

    Бөлім басшысы болып тағайындалғанға дейін Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының жоспарлау, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бөлімінің бас маманы болды.

    2026 жылдың 06 ақпанында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау, архив ісі және құжаттама бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері