
Куангалиева Анар Ахметқалиқызы
Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Анар Ахметқалиқызы Қуанғалиева 1981 жылы 20 шілдеде Аягөз қаласында дүниеге келген.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Ағылшын-неміс тілінің оқытушысы» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын тәмәмдап, Австрия елі Вена қаласындағы Join Vienna Institute (JVI) институтында «Diversity and Inclusion» курсын аяқтаған. Бизнес және басқару магистрі.
Еңбек жолын 2001 жылы Аягөз қаласындағы мектеп- гимназиясында ағылшын пәнінің мұғалімі болып бастаған.
Әр жылдары түрлі лауазымдарда Р.С.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінде бөлім меңгерушісі, Семей мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде редакциялық баспа орталығының баспасөз хатшысы болып қызмет атқарған.
Бөлім басшысы болып тағайындалғанға дейін "Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ бас маманы болды.
2024 жылдың 11 қаңтарынан бастап Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мәдениет және өнер бөлімінің басшысы болып тағайындалды.





